​Тамақ ауырғанда тұз көмектеседі

0
2 837
Тамақ ауырғанда көбіміз дәрі ішіп, сорғыш дәрілерді алатынымыз сөзсіз. Бірақ та тамақ ауруын тұзбен емдеуге болатынын біріміз білсек, енді біріміз біле бермейміз.

​Тамақ ауырғанда тұз көмектеседі

Тамақ ауырғанда көбіміз дәрі ішіп, сорғыш дәрілерді алатынымыз сөзсіз. Бірақ та тамақ ауруын тұзбен емдеуге болатынын біріміз білсек, енді біріміз біле бермейміз.

Тек тұзбен шаюдың өзі көмектесе алмайды.

Бірінші, бір стақан жылы суға бір шай қасық тұз салып ерітіп, оған екі тамшы йод ерітіндісін тамызып жібересіз. Алдымен тамақты осы сумен шайып алу керек. Содан соң бір ас қасық зәйтүн майын ауыз қуысында біраз ұстап, шайқап, тамаққа дейін апарасыз. Соңынан майды түкіріп тастаған дұрыс. Тамақ ауырғанда осылайша 3-4 рет жасасаңыз, аурудан тез айығып кетесіз.

Адам тұмауратқанда тек тамағы мен басы ауырып қана қоймай, оған мұрынның қосылатыны да жасырын емес. Мұрыннан су ағып, бітелгенде 3-5 тамшы алоэ шырынына осындай көлемде бал салып, араластырып, күніне 4-5 рет тамызып отырасыз. Сонымен қатар, тұмауратқанда мұрыннан су ақпай, құрғақ күйінде өтетін болса, күнжіт майын 2-3 тамшыдан тамызған пайдалы.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет