​ТАҢҚУРАЙ + СУ = ҚАҚЫРЫҚТЫ түсіреді

0
6 146

Қашан, қалай, қанша ішу керектігі төменде толық жазылған


​ТАҢҚУРАЙ + СУ = ҚАҚЫРЫҚТЫ түсіреді

фото: livemaster.ru

Таңқурай фитонутриент затының қайнар көзі. Жидектің құрамындағы онға жуық антоциан, флавоноид, феноль қышқылы мен илік заттектер бар. Оған қоса, Е, К, C және В тобындағы дәрумендерді табуға болады. Сонымен қатар марганец, мыс, магний, калий элементтерін де кездестіресіз. Ал жасұнық пен омега қышқылы жидектің пайдалы қасиеттерін еселейді. Таңқурай тәтті жидек қана емес, мың түрлі дертке дауа болатын ғажайып дәрі. Оны балғын күйінде де, кептірілген немесе мұздатылған түрінде де қолдана бересіз. Қайсысы болса да құрамындағы бағалы қасиетін жоғалтпайды.


Мәселен 1 стақан кептірілген таңқурай 123 гр. шығады. Ағзаңызды 63 калорияға байытады. Оған қоса, күні бойғы С және К дәрумендерімен және магний, фосфор, калий және мыс элементтерімен толықтырады. Ал бұл заттар өз кезегінде ағзаны қуаттандырып, ерте қартаюдың алдын алады.

фото: ogogoogorod.ru


Ендеше, таңғажайып қасиетке ие таңқурайдың қайсы дертке дауа болатынын нақтылап алайық:


МИДЫҢ жұмысын жақсартады

Құрамындағы флавоноид когнитивтік бұзылыстың алдын алады. Сондай-ақ, ақыл-ойды арттырып, есте сақтау қабілетті жақсартады.


ҚАТЕРЛІ ІСІКПЕН күреседі

Антиоксиданттың қызметін атқаратын таңқурай көкірек, өкпе, тері және ішекті қатерлі ісіктен қорғайды.


ҚАНДЫ реттейді

Қандағы қанттың бір қалыпты болуын қаласаңыз, күнде таңертең 1 стақан кептірілген таңқурай жеуге әдеттеніңіз. Құрамындағы пайдалы заттар қант диабеті ауруының алдын алады.


ЖАСТЫҒЫҢЫЗДЫ сақтайды

Таңқурай жидегіндегі С дәрумені мен эллаг қышқылы ерте қартаюға тосқауыл болады. Ағзаны қуаттандырып, белсенді жұмыс істеуге ықпал етеді. Теріңіздің, ағзаңыздың жастығы үшін тұрақты түрде таңқурай жеу керек.


КӨРУ қабілетін жақсартады

Зеаксантин деп аталатын антиоксидант көзді түрлі дерттен қорғайды. Оның қырағылығын арттырып, мөлдірлігін сақтайды.


ІШЕКТІҢ жұмысын жүргізеді

Жидектің құрамындағы жасұнық ішек жұмысына жауап береді. Іштің қатуын, өтуін болдырмайды. Ішекті қатерлі ісіктен қорғап, түрлі аурудың алдын алады.

Ол үшін таңқурайдың жидегін, жапырағын, тіпті бұтақшасын да ем ретінде қолдансаңыз болады. Жапырағы мен жидегінен тұнба әзірлейсіз. Мәселен, 1 стақан ыстық суға 1 ас қасық ұнтақталған жапырақты немесе бұтақты салып, тұндырып қоясыз. 15-20 минуттан соң тұнбаны ішіңіз. Осылайша күніне 3 рет қайталасаңыз, ішіңіз жүріп, ішегіңіздің жұмысын жақсартасыз.


ТЫНЫС жолдарына пайдалы

Таңқурай – терлететін, ыстықты түсіретін, қақырықты шығаратын табиғи «дәрі». Халық емінде таңқурайды тыныс жолдары мен тамақ ауруларын емдеу үшін кеңінен қолданады. Егер жөтеліп бастасаңыз, тамағыңыз қарлықса немесе жұтынғанда ауыртса, онда 1 стақан ыстық шайға 2 ас қасық таңқурай араластырып ішіңіз. Бір емнен соң-ақ тамағыңыздың жібсіп, ауруыңыздың басылғанын байқайсыз.


ТЕРІ ауруларын емдейді

Теріңізде қандай да бір бөртпе, безеу пайда болса немесе қызарып бастаса, дереу 1 стақан таңқурай гүлінен дайындалған тұнбаның көмегіне жүгініңіз. Тұнбаны дайындау үшін 1 стақан ыстық суға 2 ас қасық ұнтақталған гүлді араластырып, тұндырып қоясыз. 15-20 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, мақтаны малып теріге таңасыз.

фото: avto.goodfon.ru


ТАҢҚУРАЙ қайнатпасы мына ауруларға ем болады

Қайнатпаны бұтақшасынан, жапырағынан дайындауға болады. Ол үшін керекті затты жақсылап жуып, қайнаған суға саласыз. Суды баяу отқа қойып, 1 сағаттай қайнату керек. Судың түсі қызыл түске өзгергенде оттан алыңыз. Салқындаған соң сүзіп шыны ыдысқа құясыз. Дайын болған емдік сусынды тоңазытқышқта 1 тәуліктен артық сақтамаңыз.

Таңқурай қайнатпасын – қақырықты түсіруге, жөтелді емдеуге, бронхит, ларингит, астма секілді тамақ ауруларын емдеуге және іш өткенде, ішек суықтағанда, геморрой шыққанда ем ретінде ішуге болады.


ТАҢҚУРАЙ жидегінің тұнбасы

200 гр. кептірілген таңқурай жидегін 0,5 литр қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. 1,5 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2 стақаннан ішіңіз. Емді әр 2 сағат сайын қабылдау керек.

Таңқурай жидегінің тұнбасын – тұмау тигенде, бойыңыз әлсірегенде, дене қызуы көтерілгенде, суық тигенде ем ретінде ішесіз.


ТАҢҚУРАЙ гүлінің тұнбасы

20 гр. ұсақталған таңқурай гүлін 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырасыз. Шамамен жарты сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан ішіңіз. Емді күніне 3 рет тамақтан соң жүргізу керек.

Таңқурай гүлінің тұнбасын – суық тигенде, жөтел мазалағанда, тері қышығанда қолданасыз.


ТАҢҚУРАЙ жапырағының тұнбасы

4 шай қасық ұсақталған жапырақты 2 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1/2 стақаннан күніне 4 рет ішіңіз.

Таңқурай жапырағының тұнбасын – суыққа қарсы ем ретінде, гастрит және энтерит ауруларын емдеу үшін ішесіз.


Таңқурай – қолжетімді бағада сатылатын жидек. Алайда дәмінің ерекшелігінен бөлек, бойында қаншалықты пайдалы заттары барын білдік. Ендеше, жаз бойы базар, дүкен сөрелерінде самсап тұратын жидекті сатып алып, сол күйі мұздатқышқа салыңыз. Немесе кептіріп алып, шыны ыдысқа салыңыз. Қайсы түрін қолдансаңыз да мың түрлі дертке дауа табасыз. Бойыңызды билеген кез келген аурудан айығу үшін таңқурайдың көмегіне жүгініңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТАҢЕРТЕҢ салқын СУҒА түссеңіз ағзада қандай ӨЗГЕРІС болатынын білесіз бе?


ДОНОР болудың ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ қандай?


ИНФЕКЦИЯ мен ВИРУСТЫ өлтіру үшін ҚАЙНАҒАН СУ ішіңіз