​ТАҢҚУРАЙ тұнбасы СУЫҚТАН болатын АЛЛЕРГИЯНЫ емдейді

0
4 982

Тұнбаны ҚАЛАЙ және ҚАШАН ішу керек?


​ТАҢҚУРАЙ тұнбасы СУЫҚТАН болатын АЛЛЕРГИЯНЫ емдейді

фото: heitmann-hygiene-care.de

Аллергияның пайда болуының бірнеше себептері бар. Бүгінгі қозғалатын тақырып – суықтан болатын аллергия жайлы болмақ.

Төменгі температура, аяз, мұздай су, қар, жаңбыр мен үскірік жел аллергияның пайда болуына себеп болады. Бұл кез келген жастағы адамда кездеседі. Әсіресе, иммунитеті әлсіздер, аллергиялық реакцияға бейім келетіндер мен сезімтал тері иелері жиі шалдығады.


Аллергияның алғашқы белгілері:

  • терінің бөртуі;
  • терінің күлдіреуі;
  • дақ;
  • қышу.

Асқынған жағдайда:

  • мұрыннан су ағу;
  • тыныс алудың қиындауы;
  • ентігу;
  • жөтелу;
  • көздің қызаруы және жасаурауы;
  • бас ауру қосылады. Суықтан болатын аллергия кезінде пайда болған бөртпе бетте, қол мен аяқта көрініс береді.

фото: theconversation.com

Десе де, аллергия екінің бірінде болмайды. Оның шығуына адамның ағзасындағы келеңсіздіктер ықпал болуы мүмкін. Мәселен:

  • тұқымқуалаушылық;
  • иммунитеттің әлсіздігі;
  • инфекциялық ауру;
  • ас қорыту жүйесіндегі проблема;
  • ағзаның улануы;
  • бүйрек, қалқанша без аурулары;
  • терінің сезімталдығы;
  • дұрыс тамақтанбау;
  • спиртті ішімдік ішу және темекі тарту аллергияның дамуына себеп болады.

Аталған белгілер байқалса, оны елеусіз қалдыруға болмайды. Алдын алмасаңыз созылмалы ауруға шалдықтыруы мүмкін.


Алайда дәрігерлер, суықтан болған аллергияның емі мына дәрі деп нақты бір емді ұсына алмайды. Десе де, мазаңызды алған жайсыздыққа халықтық жолмен ем табуға болады.

фото: frullato.ru

Егер аталған белгілер байқалса:

  1. Жарақаттанған жеріңізді АЛОЭ шырынымен сүртіңіз;
  2. Бал қосылған СУ ішіңіз. 1 стақан қайнатылған жылы суға 1 ас қасық бал араластырып, ішсеңіз, ағзадағы уытты айдап шығарады. Дайындалған суды екі бөліп ішсеңіз де жарайды.
  3. Күніне 2 рет ТАҢҚУРАЙ тұнбасын ішіңіз. Құрамы дәруменге бай жидектің иммунитетті нығайтатын қасиеті бар әрі керемет антиоксидант қызметін атқарады.
  4. 1 ас қасық ИТБҮЛДІРГЕН жидегін 1 стақан қайнаған суға араластырыңыз. Дайын болған емдік сусынды салқындатып алып, үшке бөліп ішесіз. Емді таңертең, түсте және кешке қабылдау керек.
  5. 1 ас қасық ЖАЛБЫЗДЫ 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 20-25 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 3 ас қасықтан қабылдайсыз. Емді күніне 2 рет жүргізсеңіз болады.
  6. Күніне 1 стақан ҚЫРМЫЗЫГҮЛ тұнбасын ішіңіз. Оны дайындау үшін 1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық емдік шөпті араластырып, тұндырып қоясыз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек.
  7. Көбірек ҚЫЗЫЛША жеңіз. Тіпті, шырынын ішсеңіз де болады. Бұл көкөніс аллергиямен күресетін ең тиімді ем екенін ескеріңіз.


Суықтан пайда болған аллергияны емдеуге асығыңыз. Бұл кезде сізге ДЕРМОТОЛОГ, КОСМЕТОЛОГ және ТЕРАПЕВТ мамандары көмектесе алады. Теріге шыққан бөртпені теріні емдеу арқылы кетіруге асықпаңыз. Егер толық емдеу кешенінен өтсеңіз, бұл жайсыздық сізді қайталап мазаламайды. Өйткені аллергияның пайда болуына ағзаның жұмысының әлсіздігі жол береді екен. Сондықтан да, кешенді ем алуды бастаңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: bestlavka.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Баланың МҰРНЫ бітіп ТЫНЫС алуы қиындаса ТҮЙМЕДАҚ ТҰНБАСЫН тамызыңыз


Мына ТОҒЫЗ белгі БАУЫРҒА шлак толғанын білдіреді


Желкеге ТҰЗ қайдан және қалай ЖИНАЛАДЫ