Теріскенді емдеу жолдары бар

0
24 474

Дерт көп жағдайда көз гигиенасын дұрыс ұстамай, кір сүлгімен сүртінгеннен, лас қолмен көзді сүртіп немесе уқалағаннан, суық тигеннен, иммунитеттің төмендеуінен, ағзаның әлсіреуінен, қан аздықтан шығады. Сондай-ақ, ағзаға А,С,В дәрумендерінің жетіспеушілігінен, ауа райының қолайсыздығынан, күннің күрт суытуынан, шаң-тозаңның әсерінен орын алады.


Теріскенді емдеу жолдары бар

фото: ашық дереккөзден

Теріскен негізінен көздің немесе қабақтың айналасында қызыл болып бөрітіп шығады да ісінеді. 3-4 күннен кейін ісіктің бетінде ірің пайда болады. Ісік жарылғанда ішіндегі толып тұрған ірің сыртқа шығады. Дерт көп жағдайда көз гигиенасын дұрыс ұстамай, кір сүлгімен сүртінгеннен, лас қолмен көзді сүртіп немесе уқалағаннан, суық тигеннен, иммунитеттің төмендеуінен, ағзаның әлсіреуінен, қан аздықтан шығады. Сондай-ақ, ағзаға А,С,В дәрумендерінің жетіспеушілігінен, ауа райының қолайсыздығынан, күннің күрт суытуынан, шаң-тозаңның әсерінен орын алады.

Теріскен шыққан кезде бірден офтальмолог дәрігерге көріну қажет. Себебі асқынып кеткен жағдайда қан тамырларға жайылып, соңы менингит, сепсис (жұқпалы аурудың ағзаға тұтас жайылып кетуі) дерттеріне ұласуы әбден мүмкін.

Төменде теріскенді емдеуге арналған пайдалы әрі нәтижелі, үй жағдайында жасауға болатын тәсілдер ұсынылады.

Есіңізде болсын, теріскенді ешқашан қасуға болмайды. Оны емдеудің қарапайым тәсілі: майлықты жылы суға малып алып, теріскен шыққан жерге басып қойыңыз.

* 2 шай қасық қырмызы гүліне 2 мг қайнаған су құйып, 20 минут тұндырып қойыңыз. Сүзіп алып, теріскенге жақсаңыз, оң нәтижесін байқайсыз;

* Жұмыртқаны таза пісіріп алып, мақтадан жасалынған майлыққа орап, қабағыңызға қойыңыз;

* Қабығымен қайнатылған картоптың да пайдасы зор. Ол үшін қайнатылған картопты жылы күйінде қабағыңызға қоясыз.

* Теріскен енді шыға бастағанда көзге таза сүлгіні сулап, ысытып басады. Немесе түймедақтан тұнба жасап, сүлгіні тұнбаға малып ыстық күйінде басу керек.

* Теріскен шыққан көзді сарымсақпен 2-3 күн бойы ысқылап, сүртеді.

* Көп жылдық алоэнің бір жапырағын кесіп алып, 1 шай қасық шырынын шығарып, таза ыдысқа құяды да үстінен 10 шай қасық қайнаған жылы су құйып араластырады. Дайын болған қоспаға таза дәкені малып, теріскен шыққан көзге таңады.

* Теріскен шыққан жерді 70 пайыздық этил спиртімен сүртеді.

* Көп жылдық алоэнің жапырағынан 5 гр. алып еземіз да, үстінен 1 стақан қайнаған салқын су құйып 6-8 сағатқа қояды. Сүзгіден өткізіп, дайын болған тұнбаға дәкені малып, теріскенге басады.

* Дәрілік қырмызының 10 гүл шоғын алып шыны ыдысқа салады, үстінен 1 стақан қайнаған су құйып 30-40 минут жылы орап қояды. Сүзгіден өткізіп, дайын тұнбаға дәкені малып теріскенге басады.

* 1 ас қасық зығырот шөбін1 стақан қайнаған суға салып араластырады да тұндырып қояды. Сүзгіден өткізіп, тұнбаға дәкені малып теріскенге басады.

* Түймешетен өсімдігінің сары гүл шоғырының кептірілген түрінен 5-6 данасын шайнап, сумен жұту керек. Емдік гүлді күнінен осы тәсілмен 4-5 рет қабылдасаңыз, теріскеннен біржолата арыласыз.

* Көзге теріскен шықса күніге 3 мезгіл 1 лавр жапырағын 0,5 стақан қайнаған суға салып, 15 минут тұндырып, жылы күйінде ішеді.

Теріскен шыққан кезде көбірек сарымсақ жеңіз. Қолыңызды тигізе бермей, қатаң түрде гигиена сақтаңыз. Егер, сізге теріскен жиі шығатын болса, онда ағзаңызға А дәрумені жеткіліксіз болғаны. Тағам мәзіріңізден саумалдықтың, сәбіз бен қырыққабаттың үзілмеуін қадағалаңыз.

Ескерту:

Көзге теріскен шықса, оны сығуға болмайды. Егер 5 күнде жазылмаса көз дәрігеріне көрініңіз. Үй жағдайында жасалатын емге мұқият болыңыз.

Ырым-тыйымдар

1. Көзге теріскен шықса қолға (білезікке) қызыл жіп (шыққан көзге қарама қарсы жақ қолға) байлайды.

2. Үйде ең үлкен адам жасыл түсті жіпті ортаңғы және аты жоқ саусаққа айқастыра байлайды.

3. Теріскен шыққан көзге бір тілім нанды 3-4 рет басып, итке тастайды.

4. Теріскен шықса екі саусақтың ортасынан бас бармақты шығаратын ырым да бар.

Ләззат Ахметова,

ERNUR. KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет