​ТІЗЕНІҢ қақсап ауырғанын БІР КҮНДЕ емдеуге болады

0
109 050

Қалай емдейтіні туралы төменде толық жазылған


​ТІЗЕНІҢ қақсап ауырғанын БІР КҮНДЕ емдеуге болады

фото: goodhouse.ru

Тізе ауруы жаста да, егделерде де кездеседі. Тіпті, балабақша жасындағы балақайлардың өзі тізесінің ауыратынын айтып шағымданады. Ал үлкен әже-апаларымыз «тіземнің көзі ауырады» деп қолын тізесінен алмай, уқалап отыратынын байқаймыз.


Жалпы ТІЗЕ НЕГЕ ауырады?

фото: keymedic.org

Тізе бір ғана себеппен ауырмайды. Оның қақсап, ауруына бірнеше жағдайлар себеп болады. Атап айтқанда:


Жарақат алғанда

Тізе шығып кеткенде, жартылай тайғанда, аяқ сынғанда және бұлшықет созылғанда тізе ауырады. Ауруы ұзаққа созылып, тіпті уақытылы емдетпесе созылмалы ауруға ұласуы ықтимал.


Тізенің буыны шығып кеткенде

Егер тізеңіздің іскенін байқасаңыз, онда тізе шығып кеткен болуы мүмкін.


Тізе буынындағы ішкі және сыртқы шеміршек ажырағанда

Мұндай диагноз негізінен спортпен айналысатындарда жиі кездеседі. Ал егер тізені бүккен уақытта сықырлап ауыратын болса, онда сізге минералды заттар жетіспейді.


Сіңір зақымдалғанда

Қатты ұрып алсаңыз немесе құлап қалсаңыз, тізенің арты мен айналасы ауырады. Бұл сіңірдің зақымдалғанынан белгі береді.


Артроз бен артрит

50 жастан асқандарда осы ауру белең алады. Бұл алдымен тізенің жұмысын тежейді. Аяқтың, буынның қақсап, сырқырап ауруына әкеледі. Салдарынан жүріп-тұру қиынға соғады.


Тұз байлану

Егер аяғыңыздың тізедін төмен тұсы ауыратын болса, онда ағзада несеп қышқылының көбейгендігін айқындайды. Дереу тексеруден өтіп, арнайы ем-домын жасаңыз.


ТІЗЕНІҢ ауырғанын ҮЙДЕ емдеуге бола ма?

фото: center-rassvet.ru

Жаныңызға батып, мазаңызды алып жүрген бұл дерттен құтылу үшін мына 3 кеңеске назар салыңыз.


1-КЕҢЕС

Әрине, тізенің ауруына халықтық жолмен шипа табуға болады. Ол үшін:

  • 3 ас қасық мейіз
  • 4 ас қасық желатин
  • 2 ас қасық асқабақ дәні
  • 200 мл бал
  • 4 ас қасық күнжіт
  • 8 ас қасық зығыр дәні қажет.

Дайындалу тәсілі:

Алдымен дәндерді бір ыдысқа саламыз. Оны блендердің көмегімен жақсылап ұнтақтайсыз. Оған мейіз, желатин, күнжіт және бал қосып, тағы да блендермен араластырыңыз. Біркелкі қоймалжың болған кезде шыны ыдысқа салып, қақпағын мықтап жабасыз. Бұл ыдысты тоңазытқышта сақтау керек. Дайын болған емдік қоспаны күніне екі рет таңертең ашқарынға және түскі тамақтан алдын 1 ас қасықтан қабылдайсыз.

Бір аптадан соң-ақ оң нәтижесіне көз жеткізесіз.

Бұл қоспа:

  • тізенің қақсағанын басады;
  • сіңірдің ауырғаны жазылып, қуаттанады;
  • буынның жұмысы жақсарады;
  • зат алмасу реттеледі.


2-КЕҢЕС

фото: youtube.com

Фольга да өз кезегінде тізенің ауруына ем болатын қасиетке ие. Ол үшін түнде ұйқыға жатардан алдын тізеңізді фольгамен ораңыз. Сыртынан жылы орап, таңға дейін жатасыз. Осы әдісті ерінбей 3-4 күн жасасаңыз, тізенің ауырғаны басылады.


3-КЕҢЕС

Егер тізеңіздің айналасы ісініп, ауыра бастаса сарымсақ майының көмегіне жүгініңіз. Ол үшін 300-400 гр. сарымсақты қабығынан тазартып, блендермен ұсақтаңыз. Үгіндіні 1 литрлік шыны банкіге салып, үстіне өсімдік майын құясыз. Ыдысты күн тимейтін жерге қойып, күнде бір-екі рет қозғап қойыңыз. Шамамен 2 аптадан соң езбені 4 қабатталған дәкемен сүзіп аласыз.

Дайын болған сарымсақ майын тізеңіздің айналасына сіңдіріп жағасыз. Тіпті аяғыңыздың ауыратын тұстарына жағуға да болады. Біркелкі етіп жағып болған соң сыртын пленкамен орайсыз. Оның сыртынан жылы орамал байлау керек.

Емді түнде жатар уақытта жүргізесіз. Осылайша таңға дейін жату керек. Бұл емді бір рет жасағаннан-ақ оң нәтижесін байқайсыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: 100letzhivi.ru


Аударған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына АЛТЫ дәрумен ИММУНИТЕТТІ көтереді


Қауіпті ВИРУСТАН қорғану үшін МЫНА азық-түлікті көбірек пайдаланыңыз