​Түймедақ тұнбасы асқазан ауруынан айықтырады

0
12 997

Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады.


​Түймедақ тұнбасы асқазан ауруынан айықтырады

фото:ашық дереккөзден

Түймедақ гүлi өт жолына тас байлану, тұмау, бас ауруына қарсы ем. Өсiмдiктен алынған эфир майы жүйке жүйесiн әлдендiрiп, ми тамырларын кеңiтедi. Асқазан-iшек жолдарының жұмысын жақсартып, өттi жүргiзеді және тәбеттi ашуға көмектеседi. Бұлшықеттiң де жұмыс қабiлетiн арттырады.

Түймедақтың гүлiнен жасалған дәрiлердiң жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететiн, тер шығаратын, ауырған жерлердi тыныштандыратын, бұлшықеттердiң тырысуына қарсы әсер ететiн қасиеттерi де баршылық.

Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын, өт айдайтын, етеккiрдiң келуiн реттейтiн дәрi ретiнде де кеңінен қолданылады.

Халық медицинасында өсiмдiк гүлдерiнiң тұнбасынан жасалған дәрiлердi асқазанның, тоқ iшектiң қабынуын, бауырдың, бүйректiң, қуықтың ауруларын емдеу үшiн пайдаланады.

Дене сыртындағы iрiңдi жараларды, бұлау жасау арқылы құяң, сарып ауруына байланысты буындардың сырқырағанын емдейдi.

Тамақ бездерi мен тiс түбiрiндегi еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.

Түймедақты шаштың қайызғағын кетiру үшiн де пайдаланады.

Қолданылуы:

  • Суық тигенде 2 шай қасық түймедақ гүлiн 300 гр. суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелi-кеш астан бұрын iшу қажет.
  • 2 ас қасық гүл үгiтiндiсiн 1 стақан қайнап тұрған суға салып, 1 сағат жабық ыдыста бұқтырып алып iшiңiз. Бұл тұнба асқазан ауруына көмектеседi.
  • Бел ауырса, түймедақ гүлiн ұнтақтап тұзы жоқ сары майға араластырып белге жағуға болады.
  • Тер шығаратын дәрi ретiнде 1 стақан гүл үгiндiсiн қайнап тұрған суға салып, 40 минут бұқтырып алып қолданады. Тұнбаны сүзiп, ыстықтай iшкен дұрыс.
  • Егер асқазаныңыз мазалап жүрсе, түймедақтың тұнбасын әзiрлеп iшiңiз. Ол үшiн 2 ас қасық ұнтақталған түймедаққа 1 стақан ыстық су құйып, жарты сағат тұндыру керек. Тұнбаны жылы күйiнде ашқарынға содан соң жатар алдында пайдаланған жөн.
  • Жүйкеңiз сыр берiп жүрсе, түймедақ тұнбасы қосылған бу бұлауын қабылдаңыз. Мұның сiзге тигiзер пайдасы орасан.

Дайындаған: Л.Ахметова,

ERNUR.KZ