​ТҮЙМЕДАҚ тұнбасы ГАЙМОРИТТІ емдейді

0
3 844

Белгіленген мөлшермен үзбей қолдансаңыз, нәтижесі керемет болады.


​ТҮЙМЕДАҚ тұнбасы ГАЙМОРИТТІ емдейді

фото: wwbm.ru

Гайморит – мұрын қуысының қабынуынан пайда болады. Ол бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін. Ауру ересектерде де, балаларда да кездеседі. Гайморитті медициналық жолмен де, халық әдісімен де емдеуге болады. Ендеше, үй жағдайында қолдануға болатын мына әдістермен дертіңізге дауа табыңыз.


Гайморитті емдеуге арналған тамшы


Өсімдік тұнбасы

1 шай қасықтан түймедақ (ромашка), қырмызыгүл (календула), сәлбен (шалфей) жапырағын араластырасыз. Оны жақсылап ұнтақтап алып, ыдысқа салыңыз. Үстіне 200 мл су құйып, отқа қоясыз. 5 минуттай қайнаған соң отын өшіріп, қақпағын мықтап жабасыз. Бөлме температурасында жылыған соң сүзіп алып, шыны ыдысқа құйыңыз. Дайын болған қайнатпаны тамызғышпен алып, мұрныңызға тамызасыз. Емді тәулігіне 3-4 рет қайталаңыз.


Ара желімі

1 шай қасық ара желімін 100 мл қайнаған суға араластырыңыз. Дайын болған емдік сұйықтықты тамызғыштың көмегімен мұрыныңызға тамызыңыз. Емді таңертең және кешке қолданыңыз.

фото: doklor.com


Теңіз тұзы

1 стақан қайнаған жылы суға 1/2 шай қасық теңіз тұзын, 20 мл эвкалипт тұнбасы мен 2 тамшы йод араластырыңыз. Емдік қасиеті мол ерітіндіні тәулігіне 2 рет мұрныңызға тамызасыз. Антисептикалық әсері бар ерітінді мұрын қуысындағы суықты емдейді.


Сутек переоксиді

1 стақан қайнаған салқын суға 1 шай қасық сутек переоксидін құйып, жақсылап араластырасыз. Сосын мұрынға тамызыңыз. Егер емді үзбей қолдансаңыз, нәтижесін тез байқайсыз.

фото: fb.ru


Мұрынға тамызу – қиын ем. Десе де, өте сақ болған абзал. Егер белгіленген мөлшерден асып кетсе, онда сұйықтық құлаққа өтіп, түрлі асқынулар болуы мүмкін.


Гайморитті емдеу үшін мынаны ішіңіз

Үй жағдайында гайморитті емдеу үшін тек қана тамшы, мазь немесе мұрын қуысын жуу ғана қолданылмайды. Мына тұнбаны әзірлеп ішсеңіз, ауруыңыздан айығуыңыз ғажап емес.

  • Бірдей көлемде лаванда, итошаған (череда), сәлбен (шалфей) мен түймедақ (ромашка) шөбін әбден үгітіп алып, жақсылап араластырасыз. Оның 10 грамын ыдысқа салыңыз. Үстіне 2 литр су құйып, ыдысты қайнап тұрған суға саласыз. Ыстық суда 10 минуттай қайнаған соң оттағы ыдыстан аласыз. Қайнатпа салқындаған кезде сүзіп алып, 500 мл-ден күніне 4 рет ішесіз. Емді 2 апта жалғастырыңыз.
  • 2 ас қасық бүрген (калина) тамырын, 1 ас қасық қалақай (крапива) жапырағы мен сондай көлемде шайқурай (зверобой) шөбін араластырыңыз. Қоспаны жақсылап ұнтақтап алыңыз. Оның 2 грамын 1 стақан қайнаған суға салып, 40 минуттай тұндырып қойыңыз. Осы уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ішесіз. Емді күніне 2 рет жүргізу керек.
  • Бірдей көлемде (1 стақан) таза піскен бүрген (калина) жидегін, шырғанақ (облепиха) пен итмұрын (шиповник) өсімдігін блендермен араластырыңыз. Езбені ыдысқа салыңыз. Оған 2 стақан бал араластырып, бір түнге тоңазытқышқа қоясыз. Таңертең 500 мл арақ құйып, 1 аптаға тұндырып қоясыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны 1 ас қасықтан күніне 3 рет қабылдайсыз. Емді тамақтан алдын жүргізу керек.


Бұл қоспа гайморитті емдейді. Оған қоса, иммундық жүйені нығайтып, ағзаны қуаттандырады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: neboleem.net


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Вирусты ИНФЕКЦИЯНЫ қалай ЕМДЕЙМІЗ?


СУЫҚТАП қалсаңыз осы СУСЫНДЫ ішіңіз


Сіздің АУРУЫҢЫЗДЫ емдейтін табиғи АНТИБИОТИК бар