​ТҰМАУДЫ бір ТӘУЛІКТЕ емдеуге болады

0
8 433

Бұл ЕМ кезінде ешқандай ДӘРІ ішпейсіз, ЕКПЕ салдырмайсыз. Тек УАҚЫТПЕН жұмыс істейсіз.


​ТҰМАУДЫ бір ТӘУЛІКТЕ емдеуге болады

фото: fb.ru

Жаздыгүні тұмау болу таңқалатын нәрсе емес. Аурудың бабын жасағанша, тезірек аяққа тұрудың қамын жасаған жөн. Тұмауды тұншықтырамын деп дәрі де іздемеңіз, антибиотик қабылдап әуре болмаңыз. Бір тәулікте сауығып шығатын мына тәсілді қолданыңыз.


7:00 – ыстық душ қабылдаңыз

Егер дене қызуыңыз көтеріліп тұрса душ қабылдауға зауқыңыз соқпайтыны анық. Бірақ бойыңызға бар күшіңізді жинап, орныңыздан тұрыңыз. Сосын 5-10 минуттай ыстық душ қабылдаңыз. Ыстық су дененің тітіркенгенін басады, тыныс жолдарын ашады.


8:00 – жидек қосылған ботқа жеңіз

фото: goodfon.ru

Дұрыс тамақтану – кез келген аурудың алдын алатынын білесіз. Таңғы асқа әзірлеген ботқаға тәбетіңіз тартқан жидекті қосып жеңіз. Соңынан 1 стақан апельсин шырынын ішсеңіз, ағзаңызды тұмауға тоқтау салатын С дәруменімен толықтырасыз.


10:00 – ингаляция жасаңыз

Суық тигенде, тұмаумен ауырғанда мұрын бітеліп, тыныс алуыңыз қиындайды. Соның әсерінен басыңыз ауырып, денеңізді ауырлық басады. Бұл жайсыздықтан арылу үшін аспирин немесе парацетамол дәрілерін қабылдау жеткілікті деп ойлайсыз. Алайда жөтелді тоқтата алмайды. Сондықтан да бұл дәрінің орнына тыныс жолдарын ашу үшін ингаляция жасаңыз. 5 минуттық бумен демалу ауруды жеңуге көмектеседі.


12:00 – таза ауада серуендеңіз

фото: folkextreme.ru

Күннің аптап ыстығында сыртқа шығуға құлшынысыңыз болмауы мүмкін. Мейлінше көлеңке жерлермен жүруге әрекеттеніңіз. Түскі астың алдындағы серуен бойыңызды қуаттандырады, көңіл-күйіңізді көтереді әрі иммундық жүйені нығайтады.

Егер мүмкіндігіңіз болса 2-3 минуттай физикалық жаттығулар жасап алыңыз. Мұның да сізге тигізер пайдасы орасан.


13:00 – ет қосылған құнарлы тағам жеңіз

Ет ақуызға бай. Ал ақуыз өз кезегінде иммундық жүйені нығайтуға қабілетті әрі ағзаның белсенді жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Егер тұмаумен ауырғанда ет жемесеңіз, тез арада аяққа тұрып кетуді армандамасаңыз да болады.


15:00 – сұйықтық ішіңіз

Бұл уақытта түрлі сусындарды ішуге болады. Мәселен, емдік шөптен шай демдеп ішіңіз. Суықтаған кезде ішкен кез келген ыстық шай ағзаны инфекциядан тазалайды. Ал ауруыңыздан айыққанша күніне 1 стақан апельсин шырынын ішуді әдетке айналдырыңыз.


18:00 – карри жеңіз

фото: thai-cookingschool.com


Кешкі асқа тәбетіңіз тартқан тағамды дайындаңыз. Оның жанына карри немесе чили қосыңыз. Тіпті вирус пен бактерияға қарсы күресетін күшке ие зімбірді, сарымсақ пен ащы бұрышты да кешкі аспен жеңіз. Бұл дәмдеуіштер ағзаны микробтан жояды әрі тыныс алу жолдарын тазалап, аурудан айықтырады.


20:00 – ванна қабылдаңыз

Дел-сал болған денеңізді, әл кеткен бұлшықеттеріңізді қалпына келтіру үшін ванна қабылдаңыз. Ыстық су денедегі суықты, шлакты сыртқа шығарады.


22:00 – ұйқыға жатыңыз

Ауырған кезде науқасқа көп тынығу керек. Әсіресе түнгі ұйқы тыныш болу үшін 8 сағат ұйықтауға тиіс. Өйткені ағзаға қуат керек. Жақсы ұйқы жоғалтқан күшті қалпына келтіруге ықпал етеді.


Жалпы, ағзаны қуаттандырып, иммундық жүйені нығайтуға ең бірінші көмектесетін – ұйқы екенін біле жүріңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: lifehacker.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТҰМАУДЫ бір ТӘУЛІКТЕ емдеуге болады


ГОРМОННЫҢ бұзылуы АҒЗАҒА өте ҚАУІПТІ екенін білесіз бе?


Мына ЖЕТІ ауру мазалағанда ЛИМОН қосылған СУ ішіңіз