​ТҰМАУҒА ем болатын ЕКІ әдісті БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

0
13 440

Байқап көріңіз. Тез жазыласыз.


​ТҰМАУҒА ем болатын ЕКІ әдісті БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ

фото: stolica58.ru

Тұмау – кең тараған вирустық ауру. Дерттің басталуы да, асқынуы да тез. Тұмау болғанда қызу көтеріліп, бүкіл сүйегіңіз сырқырайды. Бойыңызды әлсіздік билеп, тамаққа тәбетіңіз нашарлайды. Оған жөтел қосылып, тыныс жолдарыңыз ауырады. Бұл аурудан емделу жолдарын терапевт немесе педиатр дәрігер ұсынады. Ал халық әдісі мына емнің пайдасы мол екенін ескертеді.


ДҰРЫС ЕМДЕЛУ

Қандай ауру болса да ең алдымен дұрыс жолмен емделу керек. 1-2 күн дәрі ішіп, екпе салдырған соң ауруыңыз басылады, алайда дерт толық жазылмайды. Егер емді үзбей 7-10 күн қабылдасаңз аурудан толығымен айығасыз. Арасында үзіп немесе тоқтатып қойсаңыз, дертіңіз созылмалы түріне ауысады.


ТҰМАУҒА ЖИЫНТЫҚ ЕМ КЕРЕК

Тұмауды емдеу үшін бір ғана дәрі аздық етеді. Оған екпе, ингаляция, дәрумен қосып қабылдасаңыз, емдік күші еселеніп, аурудан тез жазыласыз. Алдымен жалпы жағдайыңызды жақсарту керек. Ол үшін иммунитетті көтерудің әдісін қарастырыңыз. Тұмауды жеңудің бірден бір жолы – иммундық жүйені нығайту екенін ескеріңіз.

Біз ұсынып отырған 2 әдіс – қайнатпа мен ингаляция иммунитетті көтереді, тұмауды емдейді әрі жөтелді қойдырады.

фото: serpukhov-today.ru


ШӨП ҚАЙНАТПАСЫ

Итмұрын

Кептірілген итмұрын шөбінің 5 ас қасығын 1 литр қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 10-15 минуттай бауы отта қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң оттан алып, 8-10 сағат тұндырып қойыңыз. Осы уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 стақаннан әр 2-3 сағат сайын ішесіз. Татымы ұнамаса 1 шай қасық бал, тосып немесе қант қосуға болады.

Емді бір апта бойы қабылдаңыз.


Жөке

Бірдей көлемде жөке (липа) гүлі мен аюбадам (бузина) шөбін аралатырыңыз. Қоспаның 2 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып отқа қоясыз. 5-10 минуттан соң оттан алып, қақпағын мықтап жабыңыз. Бөлме температурасында жылыған кезде сүзіп алып, шыны ыдысқа құйыңыз.

Дайын болған емдік сусынды жылы күйінде екіге бөліп ішіңіз. Жөке тұнбасына бал немесе таңқурай қосып ішсеңіз, емдік қасиетін еселейді.


Лимон қабығы

Бірдей көлемде үгітілген түймедақ (ромашка), жөке (липа), итмұрын (шиповник) және лимон қабығын араластырасыз. Оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға араластырып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 10 минуттан соң сүзіп алып, 1/3 стақаннан күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтанудан 15 минут алдын қабылдау керек.


Тұмаумен ауырған кезде мейлінше сыртқа шықпағаныңыз жөн. Нәрлі әрі құнарлы тағамдарды аз-аздан, бірақ күніне 5-6 рет жеңіз. Сұйықтықты көбірек ішіңіз. Дәрі-дәрмекті, емдік тұнбаны ішіп алған соң жылы оранып жатыңыз. 10-15 минуттай таза ауада серуендеуді, бөлмені ылғалды шүберекпен сүртуді ұмытпаңыз.

фото: Twitter

ИНГАЛЯЦИЯ

Ингаляция – вирустық аурулардың жауы екенін білесіз бе? Ол үшін арнайы аппараттың қажеті жоқ. Үйде отқа төзімді кеңдеу ыдыс болса болғаны. Соның көмегімен-ақ ертедегі әдісті қолданамыз.

Тұмауға, жөтелге, мұрынның бітелуі мен ағуына 5-10 минуттың ем керемет әсер етеді. Ингаляцияны күніне 1-2 рет жасасаңыз, 3 күнде-ақ оң әсерін байқайсыз.

  • 2-3 ас қасық үгітілген эвкалипт жапырағын 1 литр қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 1-2 минуттай қайнаған соң оттан алып, жоғарыға қойыңыз. Ыдысқа жақындап ыңғайлап отырыңыз. Сосын басыңызды ыдыспен бірге орап, аузыңызды ашып, тыныс аласыз. Буды аузыңызбен жұтып, мұрныңызбен шығарасыз. Сосын керісінше мұрныңызбен жұтып, аузыңызбен шығарыңыз. Осылайша кезектестіріп, 10-15 минут отырсаңыз болады.

Ал жататын кезде қайнатпаны қайтадан ысытып алып, жаныңызға қойыңыз. Буының өзі тыныс алуыңызды жақсартып, мұрныңызды ашады.

  • Бірдей көлемде үгітілген мыңжапырақ (тысячелистник), жұпаргүл (душица), сәлбен (шалфей), фиалка мен бүрген тамырын араластырыңыз. Оның 2 ас қасығын кеңдеу ыдысқа салыңыз. Үстіне 1 литр салқын су құйып, қақпағын жауып қоясыз. Тура 1 сағаттан соң ыдысты отқа қойыңыз. 5-7 минуттай қайнаған соң ыдысты оттан алып, сүзесіз. Дайын болған ыстық сусынды жоғарыдағы әдіспен ингаляция жасаңыз.

Емді күніне 2 рет жүргізу керек.

  • Кеңдеу ыдысқа 1 литр су құйып, отқа қойыңыз. Қайнап шыққан соң 1 ас қасық тұз бен сода және 2-3 тамшы йод араластырып, ингаляция жасаңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Дереккөз: gripporvi.net



Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛ жазылмаса бақбақ ТОСАБЫН жеңіз


ТҰМАУДЫ мына ДӘРІМЕН емдесеңіз ТЕЗ жазылады


ҚЫС бойы МЫНА сусынды ішіп жүрсеңіз АУЫРМАЙСЫЗ