​Тұрып өттегі тасты түсіруге көмектесетінін білесіз бе?

0
790
Тұрып - ертедон келе жатқан көкөністердің бірі. Тұрып адам ағзасына қажетті минералды тұздарға өте бай. Бұл көкөністің 100 грамында бір тәулікке жетерлік магний, калий, кальций бар. Тек бұл элементтер ғана емес оның құрамында ағзамызға керекті С, РР, В, В6, В2 дәрумендері де жеткілікті. Бойындағы осындай минералды заттар мен дәрумендердің арқасында ол түрлі ауруларға қарсы тұрып, бактерияларды жоя алады.

Дегенмен тұрыптың жалғыз өзін емес басқа дa көкөністермен қосып жеген пайдалырақ. Тұрыпты жүрек-қан тамырлары ауруынан айығу үшін, өттегі тасты айдау мақсатында көп жеу қажет. Алайда шектен тыс жеуге болмайды. Мұндай жағдайда керісінше зияны тиюі ғажам емес.

Жөтел кезінде тұрыпты балмен қосып жеген өте пайдалы. Сонымен қатар, тұрып, сәбіз және қызылшадан дайындалған шырынды қаназдыққа қарсы ішуге болады. Ол үшін тұрыпты майда үккіштен өткізіп, шырынын сығып алып, басқа көкөніс шырындарымен қосады да, 2-3 сағат жылы пешке салып қояды. Тамақтан 15-20 минут бұрын 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіп отыру керек.

Емделу уақыты 2-3 ай.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет