Жарылған ӨКШЕ жазылмай жатса, ЕШКІНІҢ майын жағыңыз

0
11 564

ӨКШЕНІҢ ҚЫСТА ДА ЖАРЫЛЫП КЕТУІНЕ ЕМ ТАППАЙ ЖҮРСІЗ БЕ? Өкшенің жарылуы сырт көзге оғаш көрінгеннен бөлек, асқынып кеткенде тілініп кетіп, ешбір ем көмектеспейтін жағдайға жететіні бар. Тілінген қатты тері шұлыққа немесе төсекте жатқанда көрпеге ілініп, қанап кететін кездер ше? Таныс жағдай ма? Ендеше, қалай емдеу керектігін біле жүріңіз.


Жарылған ӨКШЕ жазылмай жатса, ЕШКІНІҢ майын жағыңыз

суреттер: ашық дереккөзден

Ешкінің майы халық емінде көп қолданылатынын білетін боларсыз?! Әсіресе, қысы-жазы жарылып жүретін өкшені емдеп жазатынынан хабарыңыз бар ма?

Егер өкшеңіз тек жазда ғана емес, қыста да жарылып маза бермейтін болса немесе жаздағы тілімденген орынын бір аптаның ішінде емдеп жазғыңыз келсе, ешкінің іш майын қолданыңыз.


ҚАЙДАН табуға болады? ҚАЛАЙ қолдану керек?

Базардан «ем үшін ешкінің іш майы керек» десеңіз, кез келген саудагер тауып беруге тырысады. Оны тану да қиын емес. Ол қойдың майына қарағанда аппақ әрі қалың болады.

Осы майдан аз ғана алып, кешкісін ұйқыға жатар кезде сіріңкемен күйдіресіз. Шикі майға от тиген тұсынан екі-үш тамшы май ери ағады. Алдын ала аяғыңызды жуып, құрғатқан соң жарылған тұсын аққан майға тосасыз. Аз-кем шым еткізгені болмаса, өкшені күйдіре қоймайды.

Бұл аз уақыт аралығында болатындықтан, өкшені жабатын клеенка мен шұлық дайындап қою қажет. Май тамған соң артығын жан-жағына ысқылап жіберіп, жылыдай клеенканы орайсыз да, сыртынан шұлық киіп жатасыз.

Осылайша емді екі-үш рет қайталағанда өкшенің жарылғаны жазылады.

Өкшеңіз жиі жарылатын болса, іш майдың қалғанын мұздатқышқа салып сақтайсыз. Жарыла бастағаннан емді қайталасаңыз, асқынып кетпейді.



Тағы қандай ПАЙДАСЫ бар?

Интернеттегі деректерге сүйенсек, ешкі майының қолданыс аясы кең екен. Ақпарат үшін оның құрамы мен тағы қандай ем үшін қолданылатынын да біле жүргеніміз жөн.


А, Д, С, Е дәрумендерінен бөлек ешкі майының құрамында өте сирек кездесетін В13 те бар көрінеді. Тап осы дәрумен терідегі жарақатты жазуға және жасартуға септігін тигізеді.


Магний, кальций және фосфор сияқты бірқатар минералдар бар.


Гипоаллергенді казеинге бай.


Коэнзимдер мен антиоксиданттар көп.


100 грамында 900 калория болғанымен, ешкі майының құрамында көмірсу болмайды екен. Демек, артық салмақ қостырмайды деген сөз. Ішке қабылдауда да сымбат үшін зияны жоқ.


Туберкулез кезінде иммунитетті көтеруге қолданылады.


Ғылыми зерттеулер ешкінің онкологиялық аурулармен ауырмайтынын анықтаған. Сондай-ақ ешкі майын ішке қолдануда рактың асқынуының алдын алуын да зерттеп білген.

Ешкі майы асқазанда тез қорытылады.


Үсікке шалдыққанда және күйіп қалу кезінде ешкі майын жақса, тез жазылады.


Өкшеге тұздың жиналуы мен буын ауруларында ешкі майын жағып массаж жасау қажет.


Ішке қабылдағанда ішқатудан және асқазан-ішек жолдарындағы шлактардан арылуға көмектеседі.


Мамандар ешкі майын аурудың алдын алу үшін ішіп тұруға кеңес береді. Ол үшін майды ерітіп, тұндырып алу қажет.

Дайындаған: А.Ерман,

ERNUR.KZ