"20 жасқа жасарған": Баян Алагөзова жаңа "күйеуі" үшін өзгеріп кетті

0
3 637

Өнер иесінің жаңа образына желі қолданушылары оң бағасын беруде.


Баян Алагөзова өзінің кезекті ғашығы туралы ашық сұхбат берді. Атышулы продюсер жаңа сүйіктісі үшін шашын қиып, имиджін өзгерткен. Баянның жаңа ғашығы Жан Байжанбаев. Өмірде емес, "Күшік құда" фильмінде.

"Жан менің үшінші ме, төртінші ме күйеуім. Әрине, фильмдегі. Негізі өз жолдасым білімді, мәдениетті адам. Ол әйелінің актриса екенін жақсы түсінеді. Актрисаның сәйкесінше әртүрлі рөлі, образы, тіпті күйеуі де болуы мүмкін. Сондықтан ол қызғанбайды", - дейді Баян.


Иә, әртістер өнер үшін қандай құрбандыққа да дайын. Баян да әр рөлі үшін түрлі образға енуден қорықпайды. Кезекті фильм үшін ол шашын қысқартып, кекіл түсірді. Көрермендер өнер иесінің жаңа бейнесіне оң бағасын беруде. Тіпті, кейбірі актрисаның жасара түскенін жазған.


"Сұлу, 20 жасқа жасарған", "Бұл образ Баянды әдемі ашып тұр", "Қазақстандағы ең сұлу әйел", "Махаббат станциясы фильмі есміе түсіп кетті, кекіл сізге жарасады", - деген оқырманы.