«400 млн теңге»: Айнұр Көпбасарова Астанадағы үйін сатылымға қойды

0
1 599

«Әлде облыстың бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев өнеріне тәнті болып, сыйға тартты ма екен?!»


«400 млн теңге»: Айнұр Көпбасарова Астанадағы үйін сатылымға қойды

Әлеуметтік желідегі Bridgetv_qazaqstan парақшасы Түркістан облыстық музыкалық драма театрының бұрынғы директоры, қазіргі көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова Астанадағы зәулім сарайын 400 млн теңгеге бағалағаны туралы мәліметпен бөлісті.


«400 млн теңге. Түркістан облыстық музыкалық драма театрының бұрынғы директоры, қазіргі көркемдік жетекшісі Айнұр Көпбасарова Астанадағы зәулім сарайын 400 млн теңгеге бағалапты. Естіп тұрсыз ба, 400 млн теңге. Бұл ақшаға Түркістаннан 10, тіпті, одан да көп пәтер сатып алуға болады.

Бұрынғы басшының хан сарайындай пәтері «Орынбор» тұрғынүй кешенінде орналасқан. Жиһаздары да шетелдік, қымбат. Жо-жоқ, өте қымбат.

Осынша байлыққа театр директоры қалайша ие болып жүр? Сонда оның айлық жалақысы қанша теңге?

Әлде облыстың бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев өнеріне тәнті болып, сыйға тартты ма екен?!» - делінеді әлгі видеода.



Осы видео таралғаны сол екен, желідегілер шулай жөнелді.


«Мәә, ауылдан 4 млн теңгелік 1 үй ала алмай жүрміз. Мынау енді сұмдық қой. Сол үй өтсе 4 миллионын беріңізші маған», «Сұлулардың жалақысы, шығармашылық табысы көп болатын шығар?», «Құдай форточкадан берген шығар даа», «Осыны Шөкеев әкім болып тұрғанда неге зерттеп жазбайсыңдар? Әлде ол кезде заман басқа ма? Басқа да шенеуніктерді зерттеп көріңдер, одан да байларды табасыңдар» деп жазды желідегі жұрт.