«5 келіншек, 1 кемпірдің тілін таба алмасаңдар, үш жүзді қалай басқарасыңдар?»: Желідегілерді Балғынбек Имашевтың тапқырлығы тәнті

0
2 447

«Әкімнің екі орынбасарын сөзбен қағытып еді...»


«5 келіншек, 1 кемпірдің тілін таба алмасаңдар, үш жүзді қалай басқарасыңдар?»: Желідегілерді Балғынбек Имашевтың тапқырлығы тәнті

Айтыс ақындарының арасында «Балғынбек айтты» делінетін өлең шумақтары мен шымшыма сөздері кеңінен таралған. Белгілі айтыскер Балғынбек Имашевтың сондай бір сөз тапқырлығы туралы өнердегі інісі Жандарбек Бұлғақов «Түнгі студия» бағдарламасында айтып берді.


«Балғынбек Имашевпен бір басшылыққа кіруіміз керек еді. Әкімдіктің алдында 4-5 келіншекті бастап бір апамыз ішке кіре алмай тұр екен. Қазақи кісілер болғандықтан, бізді бірден таныды.


Балғынбек ағамыз: «Апа, армияңызды жәйша бастап кеп тұрсыз ба? Әкімдіксіз шешілмей ме?» деп сұрады.

– Менің үйімде пешім жарылды, - деді әлгі апа.

– Қанша теңгелік зат? – десек,

– 75 мың теңге.


Екінші кісіден де сұрастырдық:


– Мен көпбалалы анамын. Қоғамдық көлікте жол жүру билетімнің уақыты өткен екен, кондуктор менің бетіме лақтырды. Соны әкімге айтамын, - дейді.

Біз әкімдікке кірдік. Әкімнің екі орынбасары бар екен. Екеуі де шетелде білім алып келген.


– Сіздер мына кісілерді ашуландырмай, ертерек есік алдына шықпайсыздар ма? Тезірек шешпейсіздер ме, телеарна келеді, шулайды, - дедік.

– Мәә, далаға шықсақ, ол кісілер бізді жеп қояды ғой, - деп жауап берді.


Сонда Балғынбек ағамыз:

– Сендер мемлекеттің ақшасына шетелден білім алып келіп бес келіншек, бір кемпірдің тілін таба алмасаңдар, ертең үш жүзді қалай басқарасыңдар? - деп айтқаны бар.



Жандарбек Бұлғақов бұл әңгіменің өзінің «Сөз менеджменті» атты авторлық кітабына енгенін де айта кетті.