​«90 мыңға сатып, кейін кері қайтарып алдым»: Мархаба Сәби хит әнінің тарихын айтып берді

0
1 742

«Той жасауға ақшамыз жетпеді»


​«90 мыңға сатып, кейін кері қайтарып алдым»: Мархаба Сәби хит әнінің тарихын айтып берді


Ерекше әндерімен ел жүрегінен орын тапқан әнші Мархаба Сәби «Ұнайды маған» деген әнге қатысты ерекше оқиғаны есіне алды. Бұл туралы әнші өзінің «Инстаграм» парақшасында бөлісті.


«Ұнайды маған, еркелеткен сөздерің...» деген әнді бәріңіз білетін шығарсыздар? Бұл ән 2015-жылы шықты. Біз ол кезде жолдасымызбен үйленетін боп, тойға ақша жетпей, «Рейд» деген топқа саттық. Ішімнен қимай, амалсыз сондай қадамға бардым.


Той өткесін әлгі топқа хабарласып, «Не болды, әнді жаздыңдар ма?» деп сұрап едім. Сөйтсем, олар әлі кіріспеген екен. Мен «ренжімесеңдер онда әнімді өзіме қайтарасыңдар ма, ақшаларыңды қайтарып берейін» деп, өзіме қайтарып алғам. Қуанып кеттім. Тойдан түскен ақшаны әлгілерге беріп, ән өзіме қайтып келді.


«Ұнайды маған» - менің бойтұмарым. Менің тұңғыш балам сияқты. Қай жерге барсам да халық осы әнді сұрайды. Әнімнің кішігірім тарихы осындай...» деді Мархаба Сәби.


Әншінің тыңдармандары да «Ұнайды маған» әніне қатысты өз пікірлерін жазды. «Ойбу, мәңгілік хитты 90 мыңға қалай сатуға болады? Кері алғаныңыз дұрыс болған екен», «Бұл ән тек өзіңізге ғана жарасады», «Ломбардқа өткізгендей бопсыз ғой», «Қайтқан малда қайыр бар», «Мархабаның барлық әні ерекше» деп жазды көпшілік.