"АБАЙДЫҢ СӨЗІН ОҚЫМАЙТЫН ЕДІМ": Украин қызының қазақстандықтарға Димаш туралы хат жолдады

0
2 536

"Қолдағы жауһарды бағалаңыздар! Біз бүкіл әлем болып көмектесеміз" деген украиндық жанкүйер көпке ерекше ой салды.


фото: ашық дереккөзден

Әлемнің алпыстан аса мемлекетінен жанкүйерлері бар қазақ баласы Димаш Құдайберген еліміздің мәдениеті мен өнерін жалпақ жұртқа таныстырып жатыр.

Миллиондардың жүрегіне жол таба білген талантты әншіні қазақтар неге бағаламайды? Бұл Димаш Құдайбергеннің өнеріне бас иетін өзге мемлекеттегі қолдаушыларының пікірі.

Димаштың Мәскеудегі ән кешінен кейінгі түйген ойымен бөліскен украиндық жанкүйер қазақтарға "қолда бар алтындарыңды бағалаңдар" деген ұсыныс айтыпты. Сондай-ақ, Евгения Барсегян Димаш арқылы Қазақстанды әлем танып жатқандығын тілге тиек еткен.

Украиндық жанкүйердің қазақтарға жазған хатын әлеуметтік желі белсендісі Нурхан Мынбаев фэйсбуктегі парақшасында жариялаған болатын.

"Егер Димаш болмағанда, Жеке өзімді айтар болсам, қазақ әндерін тыңдар ма едім. Қазақша айтылған рэп, ағылшыншаға қарағанда тілі жатық деп айтуым да екіталай еді. Өзіме таныс емес тілде шырқалған әнді еш аудармасыз-ақ түсінуім де бекер емес", - деп өзінің қазақты тек Димаш арқылы танып жатқандығын жеткізген.

Сонымен қатар, украиндық қыздың қазақтың музыкалық аспаптарына деген ерекше ілтипаты да жұртты қайран қалдырды.

"Менің қазақтың музыкалық аспаптарының қайталанбас үнімен таныспай кетуім де ғажап емес еді. Мәселен, сыбызғы мен қобыз. Ерлан Бекчуриннің өңдеуімен жасалған ғажап туындыны естігенде, еріксіз тізерлеуге мәжбүр етті. Ол жерде "бас скрипка" сыбызғының үнін естіртті. Бүкіл зал болып "Махаббат" әнін қосыла шырқауымыз да Димаштың арқасы. Егер Димаш болмағанда, маған ешқандай қатысы жоқ шалғай жатқан мемлекетті ғаламтордан іздемейтін едім. Абайдың сөздерін оқымайтын едім. Күй деген не, күйші деген кім екенін зерттеуім де екіталай еді. Сонымен бірге, Астананың сәулетті жерлеріне қызығып, археологиялық қазбаларға қызығуым да бекер емес" , - деп өзге мемлекеттің аруы қазақтың бір таланты арқылы Қазақстанды тануға құлшынысы ерекше артқанын да ашық айтқан.

Концерттен ерекше әсер алғандығы сонша, Димаш арқылы "қазақтың жан дүниесімен" танысқандығын жасырмады. Ал домбыра шерткендігін ерекше атап өтіп, оның энергетикасына қайран қалыпты. Және де дәл осы үшін әрбір қазақ Димашты құрметтеп, бағалауы тиіс екенін де жасырып қалмапты.

" Ең талантты, жас өнерпазын әр қазақ құрметтеу керек деп ойлаймын. Ол қазақ халқы үшін барын салып жатыр. Қазақтың мәдениеті мен құндылықтарын алыста жүрсе де танытып жүр. Әрине, ол өзі үшін емес, ел үшін жасап жатыр. Мен өз елімде де дәл Димаш секілді өнерпаздардың көп болғанын қалаймын. Бар шығар, бірақ, дәл осындай жарқырап тұрғаны жоқтың қасы. Елінің мәдениетін өзге елге үлгі етіп жүргендер жоқ. Сондықтан-да... Қазақстандықтар! Қолдағы жауһарларды бағалаңыздар! Қолдап, қадірлеңіздер. Ал, біз бүкіл әлем болып көмектесеміз", - деп Димашқа деген ерекше құрметін аңғартты.

Евгенияның ән кешінен кейінгі алған ерекше құлшынысы бүгінге дейін басылмауының себебі де Димаштың талантының ерекшелігін көрсетсе керек.

ERNUR.KZ