"Адамның миын жеп қойдың ғой": Танымал Динара Сатжанның аузын жапқан кім?

0
3 324

Танымал журналист Динара Сатжанның желіде белсенді екені белгілі.


Көрермендерін жалықтырмайтын продюсердің бұл видеосы көпшілікті күлкіге қарық қылды. Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиевамен бірлесе түсірген вайнда Динара сатушы қыздың рөлін сомдаған. Ал Жұлдызай сатып алушы болады.

Аталмыш видеоны Динара Сатжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап, жарнама жасаған.

Бұл видеоны көрген жұлдыздардың әріптестері мен жанкүйерлері күлкіге қарық болып, жақсы пікірлерін аямаған.

Кейбірі "Динара сияқты" сатушылардың адамның ығырын шығаратынын айтып, рөлді тамаша ойнап шықтыңыз дейді. Ал белгілі вайнер Шәріп Серік "Сіздер енді вайнерсіздер ме?" деп күледі. Ал Айгүл Иманбаева, Дана Кентай, Гүлнұр Оразымбетова сынды әншілер вайнға жоғары бағасын берген.