"Әдiлдiк бар екенiне сенiңiздер!": Ләйлә Сұлтанқызы сотқа берген әзілкешті судья ақтап шықты (видео)

0
3 627

Сот 3 айға созылды.


Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов арасындағы 3 айға созылған сот ісі аяқталды. Судья істі Нұрболхан Шараповтың пайдасына шешкен. Бұл туралы әзілкеш өзінің әлеуметтік желідегі instagram парақшасында жазды.

" Сот ақтап шықты. Жұма мүбәрак! Берекелi күн, мен үшiн. Баршаңызға Аллаһ разы болсын. Қазақ қыздарының ары үшiн соттан бiр-ақ шығам деп кiм ойлаған. 3 айға созылған сот өз мәресiне жеттi. Сот менi: ешқандай жеке басқа өткен жоқ, ешкiмнiң абыройына нұқсан келтiрген жоқ. Ол тек Өз Ойын айтты деп ақтады. Заңды түрде әдiл шешiм шығарған Есiл аудандық сотының судьясына алғысымды бiлдiремiн. Әдiлдiк бар екенiне сенiңiздер! Менi уайымдағандарыңыз үшiн бәрiңiздi жақсы көремiн!" - деп жазады ол.

Сондай-ақ әзілкеш өзін қорғаған қорғаушыларына да алғыс білдірген. Нұрболханның ақталып шыққанына оқырмандары да өз ықыластарын білдіріп көптеген пікір қалдырған.

"Кұтты болсын! Қуаныштымыз, әркез жолың ашық болсын, айналайын!", "Аққа құдай жақ! Сендей азаматқа Алла қуат берсін!", "Өте жақсы болған екен. Қазақ қызы деп шырылдағаның үшін ризамыз!", Жарайсың! Казақ қыздарын қорғайтын сендей жігіттер көп болсын!" - деп жазған оқырмандар.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Ләйлә Сұлтанқызы танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шараповты сотқа бергені туралы жазған болатынбыз.