"Ағылшынша үйреніп жүрмін": Иманбаева АҚШ-қа кететінін айтты

0
2 100

Өнер иесі қазір ағылшын тілін үйреніп жүр.


Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева елең еткізер жаңалығын көпшілікпен бөлісті. Өнер иесі мұхиттың арғы жағында тұру үшін виза дайындап жатқанын айтты.

Әнші бұл жаңалығымен НТК телеарнасынадағы Опмай-Опмай бағдарламасында бөлісті.

"2020 жылдың жазында бір айға оқуға кететін адам едім. Құжаттарымның барлығын дайындап шетелге университетте білім алуға бара жатқан едім. Бірақ болмай қалды. Енді Америка Құрама Штаттарына он жылға виза реттеп жатқан жайым бар. Ол жұмысыммен да, жеке өміріммен де байланысты. Бұл маған өте қажет болғандықтан, қабылданған шешім. Сол себепті қазір ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Ағылшын тілі ең оңай тіл екен. Тек ниет болса болды. Америкада бұйырса 10 жыл боламын деп жоспарлап отырмын" , - деді Иманбаева.

Өнер иесі кейінгі кездерде көпшіліктің назарына жиі ілігуде. Жақын күндері бейтаныс ер азаматпен түскен суретін желіге жариялаған әнші көпшілікті ойға қалдырған. Тыңдарманы әншіні тұрмысқа шығады деп топшылаған, алайда әнші бұл әңгіменің жалған екенін айтты.

Одан бөлек, өнер иесі карантин кезінде құр жатпай екі бірдей киноға түскенін де айтып өтті.

Сондай-ақ әншінің ұлы әкесі Сәбит Әбдіқалықов туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отырғанын айтты.