"Әйел бақытын армандайтынмын": Ерке Есмахан шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді

0
1 342

"Бұрын үй көрмей ұшып қонып жүретінмін" - дейді әнші.


Отбасымен шетелде демалып жүрген Ерке Есмахан шығармашылығы мен жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Еркенің жанкүйерлері оның алдағы уақытта гастрольге шығу туралы ойын сұраған. Оған жас келін "Бұрын үй көрмей ұшып қонып жүретінмін. Ақша табу керек. Үйту керек, бүйту керек деп. Сол кездері дәл осы кездерді армандайтынмын. Жәй ғана әйел бақытын армандайтынмын. Алла қазір арманымды орындап, молынан беруде, шүкір" дей келе той мен шақыруларға жиі шықпайтынын, себебі асырайтын күйеуі бар екенін айтқан.


Сондай-ақ оқырмандарының бірі "Неге бақытты болып көрінуге тырысасыз?" деген сұрақ қойыпты. Әнші оның сұрағына таңырқай қарап, қазір бақытты емес, бақытсыз адамды көрсе қуанатын жандардың көбейгенін жазыпты. Тағы бір сөзінде Ерке Есмахан өзінің іші де, сырты да рухани бай болғандықтан маңызды емес нәрселерге жүйке құртпайтынын жазған.