"Әйелім, балам бар": Kalifarniya жеке өмірі туралы өтірік айтқанын мойындады

0
1 415

Kalifarniya атымен көпшілікке танылған Фархат Калиев көпшілікке сырын ашты.


Әнші әлеуметтік желіде жеке өміріне байланысты халықты алдағанын мойындады. Ол желіде жариялаған видеосында кешірім сұрады.


"Алғашқы концертімде бір қыз бен баланы алып шығып, әйелім мен балам деп таныстырған едім. Негізі олай емес. Бұл пранк болатын. Ешқашан өтірік айтпаңыздар. Артынан кесірі өзіңізге тиеді екен" деді әнші.




Желі оқырмандары әншінің бұл қылығына реніштерін білдірді. "Үйленгенін білгенмін", "киелі сахнада өтірік айтуға болмайды", "енді саған сенім жоқ" деп жарыса жазды.