Әйеліне қазақша сөйлете алмаған Мейрамбек Беспаев сынның астында қалды (видео)

0
10 073

Мейрамбектің туған күніндегі видео тыңдармандарының ашуын тудырған.


Әйеліне қазақша сөйлете алмаған Мейрамбек Беспаев сынның астында қалды (видео)

Танымал эстрада әншісі, халқының сүйіктісі Мейрамбек Беспаев өзінің 43 жасқа толған туған күнін мейрамханада дүркіретіп атап өтті. Туған күн кешіндегі бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, халық әншіні құттықтаған келіншегі Мархабат Беспаеваны сынның астына алған.

Өнер иесінің келіншегі туған күніне қандай сыйлық берерін білмей, көп ойланғанын айтқан. Соңында сыйлыққа Испанияда өтетін Реал мен Барселона матчына екі билет алғанын жеткізген.

Тыңдармандарының шамына тигені - Мархабат Беспаеваның орысша құттықтауы.

"Мейрамбекті сүйіп тыңдаймын, бірақ, мына қылығы жарамады. Елдің алдындағы адамдар тілді құрметтеуі керек", "Кейбір кісілер орысша сөйлегенді авторитет көреді ғой", "Әйеліне қазақша сөйлете алмағаны несі?", "Қатынына билігі жүрмегесін нағыз намыссыз, рухсыз сорлы болғаның ғой", - деп жазады желі қолданушылары.