"Айфон алып мақтанатындар ойлансын": Белгілі әнші өз қаражатына мешіт тұрғызды

0
1 724

Ауыл ағалары әншіге ат мінгізіп, ақ дастархан жайған.


Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Халықтың сүйікті әншісі Әбдіжаппар Әлқожа мешіт тұрғызып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Жаңа мешіт Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай ахун ауылында бой көтерген. Жағымды жаңалығымен әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Әбдіжаппар үлкен ағаларының ақылын тыңдап, қайырлы істі жариялауды жөн санапты. Әнші бұл ісі арқылы халық ғибрат алар дейді.

"Алла жеткізгеніне шүкір осы күнді. Арманым осындай бір жетістік еді. Раббыма тәубе, Ниетімізді айналдырып алдымызға алып келген.Мақтаныш үшін емес, кей азаматтарға үлгі болсын деп жариялап жатырмыз. Дүниесін казинода,кафеде,шет ел,ресторанда шашып жүрген жандар қарап ойлансын .Мен бай емес шығармын, бірақ ел арасында жүріп ұққаным, ата анамнан көрген тәрбием осы іске жетеледі. "Қарттық келуден алдын жастықтың қадірін біліңіз"Бақыт іздеуден алдын бағыңызды бағалай біліңіз.Әркім әрқалай жазарын да білем пікірін.Бірақ бір баспана сыйласақ та жәриялаймыз,мәшіне сыйласақ та сол Әкең көлік сыйласаң тойхананың алдына лента байлап қоямыз. Айфон алсақ бір лентаны мақтаныш,қуаныш қыламыз.Біздер қазір сондай пенделерміз, - деп жазады ол.

Жақсы іс жасап жарысып, жамандықты жасыру керектігін жазған әнші мешіт құрылысына тек өзінің ғана еңбегі сіңбегенін келтірген. Ол қайырлы істе еңбек еткен барша бауырларына алғысын айтты.

Аталған мешіттің құрылысы екі айда бітіпті.