Айқын Төлепберген: «Жеке өміріме араласпауларыңызды өтінемін»

0
6 379

Желіде Айқын мен Жұлдыз Өмірғалидің ортақ ұлдарының суреті кең тарап кетті.


Айқын Төлепберген: «Жеке өміріме араласпауларыңызды өтінемін»

Бірнеше күн бұрын танымал әнші Айқын Төлепберген дүркіретіп той жасады. Тойға себеп болған үшінші баласы Санжардың жасқа толуы. Ел алдында жүрген барлық жұлдыздардың басын қосқан той осы аптаның ең кең тараған жаңалығына айналды десек артық емес. Тойдан тараған фото мен видеоларда есеп жоқ. Олардың көпшілігі жағымсыз пікірлер мен ауыр сындарға толы. Осы жағдай әншінің назарын аудартпай қоймады. Осы кезге дейін үн қатпай келген Айқын бүгін инстаграм желісіндегі парақшасына "Құрметті оқырмандар! Өнерім мен шығармашылығыма сын айтсаңыздар орынды шығар деп білемін. Бірақ бір өтінішім, жеке өміріме араласпауларыңызды өтінемін" деп жазды.

Мұны оқыған оқырмандар әлі де болса "Енді әнін тыңдаған сайын жиеркенішті түрі көз алдымызға келеді. Діннен безейін деген бе, Жұлдыз да жиеркенішті", "Еркек қыз көрсе есі кететінін бәріміз білеміз. Бірақ Жұлдыз ойлануы керек еді. Өзін әйелінің, балаларының орнына қойып... Не де болса басы қатты істеп кетті..." деген сынды пікірлерді жаңбырша жаудыруда. Десе де арасында жұрттың өмірін талқыламауға шақырып "бәріміз де мінсіз емеспіз!" дегендер де бар.

Фото: aikyn

ERNUR.KZ