Айнұр Тұрсынбаева қайынатасынан айырылғаны жайында желіге жариялады (видео)

0
3 891


Айнұр Тұрсынбаева қайынатасынан айырылғаны жайында желіге жариялады (видео)

Танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қайынатасы қайтыс болғанын желіге жазған. Ол естелік видеосын жариялап, төмендегідей жазба жариялаған.

"Кеше ғана арамызда жарқылдап отырған асқар тау әкеміз бүгін мәңгілік мекеніне қайтты... “Адамзат- бүгін адам, ертең топырақ” деген осы екен...Мейірімді Алланың рахымына бөленіп жәннәттән жай бұйырсын... Бала шағасына разы боп кетіп барамын дегені ғана жанға медет... Барлық ағайындарға қайғырып көңіл айтамыз..."


Бұл жазбаны оқыған желі оқырмандары мен айтыскердің жұлдызды достары көңіл айтқан. Олардың ішінде Алтынай Жорабева, Айгүл Елшібаева, Ләйлә Сұлтанқызы, Мұхаммеджан Тазабеков сынды өнер адамдары бар.

Сонымен қатар, Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев те әкесінің өмірден озғанын айтып, желіге сурет жүктеген.


Біз де өз айтыскер мен оның отбасына көңіл айтамыз!