Айнұр Тұрсынбаеваның ұтысқа қойған зәулім сарайы көпбалалы анаға бұйырды (Видео)

0
6 946

Ақын Айнұр Тұрсынбаеваның ұйымдастырған байқауы өз мәресіне жетті.


Айнұр Тұрсынбаеваның ұтысқа қойған зәулім сарайы көпбалалы анаға бұйырды (Видео)

Айтыскер ақын Айнұр ханымның ұйымдастырған байқауы өз мәресіне жетіп, зәулім сарайды көпбалалы ана ұтып алды. Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева өзінің instagram парақшасында жариялады.

"Сонымен көптен күткен ұтыс та бітті! Тікелей эфирлерде 5 парақшадан 40 мыңнан аса көрермен қарап отырды. Залда 3 мыңға жуық адам болды. 7 сағат тікесінен тік тұрып тұрғандарға тағы ұтыс ұйымдастырдық. Халықтың 99% риза! "Мен дым ұтпадым, бәрі өтірік" - деп жазғандар да болыпты. Көңілімде қылаудай арамдық болмағаны Аллаға аян! Бас аяғы 1000-ға жуық сыйлық таратылды. Ең қызық 3 оқиғаны айтайыншы. Ең қымбат пентхаусты ұтып алған @tapaevabibinur Бибінұр Тапаеваға хабарласып "сүйінші, сіз пентхаус ұттыңыз" десек, "мен негізі қажылықтың жолдамасын ұтып алғым келіп еді" демесі бар ма?! Сөйтсе ол кісі пентаухстың не екенін де ұқпапты. Өзі 5 баласымен пәтер жалдап жүріпті. Екінші қызық оқиға: Бір апай өнер мектебіне 20 мыңдық сертификат ұтып алды да, сол жердегі бір кісіге "мен домбыра ұтып алғым келген, немерелерім кішкентай сертификат керек емес " деп сыйлай салды. Сәлден кейін сертификатты сыйлыққа алған адам домбыра ұтып алып сертификат берген кісіге сыйлады. 3-ші оқиға! Қажылықты ұтып алған қыз дәптерге мақсатын жазып "Анамды қажылыққа апарамын" деп жазған екен. Кітап алғандардың 80-90% "мұқтаж адамға бұйырса екен" деп шын жүректен тілеулес болды. Мен өзім "көп балалы, иманды отбасы ұтса екен" деп дұға қылып жұрдім. "Таныстарым ұтып алмаса екен" деп қатты қорқып та жүрдім. @tapaevabibinur Бибінұр Тапаева 5 балалы намаздағы ана екен. Оның демеушілері Сіздер!!! Аллахқа шүкір. Егер көңілдеріңізден шыға алмасам басым жерге жеткенше иіліп кешірім сұраймын. Мен сіздерді жақсы көремін. Жеңімпаздардың тізімін ертең жариялаймыз" - деп жазады Айнұр ханым.

Айнұр Тұрсынбаеваның ұйымдастырған байқауына оқырмандары да өз ризашылықтарын білдіріп, қолдаған.

"Аллам тіл көзден сақтасын өте сауапты жұмыс жасадыңыз!", "Құтты болсын! Бір жылап алдым.Керемет Алла сізге күш қуат берсін!", "Қандай керемет игі іс жасап жүрсіз, Айнұр ханым. Жарайсыз! Сізге Аллах тағалам разы болсын! Қандай керемет көрініс!" - деп жазады оқырмандар.