«Әке, жәкесіне арқа сүйейтіндер өтпейді»: Азамат Сатыбалды Өнер академиясына кімдер өтетінін айтты

0
1 401

«Өтпей қалғаны даттамай қайтса екен».


«Әке, жәкесіне арқа сүйейтіндер өтпейді»: Азамат Сатыбалды Өнер академиясына  кімдер өтетінін айтты

Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында қазір қабылдау жүріп жатыр. Бұған дейін белгілі әнші Роза Әлқожа қызы оқуға қабылданбағаны үшін жас ректор Азамат Сатыбалдыға өкпе-ренішін айтқан болатын.

Енді Азамат Сатыбалдының жауабына тыңдап көрелік. Белгілі актер «Емтиханнан өзгеге емес, өзіне сенгендер ғана өтетінін» айтты.

– Әке,Көке,Жәкесіне арқа сүйеп, таныс-тамырын ортаға салып, сонымен қоймай бізді түрлі тәсілдермен қорқытып, өнерге есеппен қарайтындар емес… Тап-таза көңілімен Аллаға сеніп, талантын таразыға салғандар ғана өтеді.

Консультацияға келген 1000-нан аса талапкердің 702- сі ғана экзаменге допуск алды.
Қойылған барлық талаптарға сай болу міндетті.
Бір адам емес, білікті мамандардан құрылған комиссия мүшелері дауыс беру арқылы өтуде.
Сырттан арнайы эксперттер шақыртылды.

Енді осы 702 талапкердің 300-і ғана өтеді, Құдай қаласа.
Соңғы турда бөлек коммисия отырады.
Осы соңғы тур бәрін шешеді.
Талабы мен таланты және түр-тұрпаты келіскен балалардың өтуіне құрылған коммисия жауапты.
Бірінші Аллаға, содан кейін соларға аманат.

Өнер аламан ғой…….
Бәсеке неге озасың деп өзгені күндеуің емес, неге қаламын деп өзіңді қамшылауың болсын деген Хакім Абай.
Өткені масаттанбай, өтпей қалғаны даттамай қайтса екен.
Биыл бабы келсе де бағы жанбай қалғандарға айтарым. Алтындарым мұңаймаңдар, сынбаңдар. Өмір осымен бітпейді. Өнерді ессіз сүйсеңдар, қайта өздеріңе қамшы ұрып келер жылы келіңіздер.
Бәрін қабылдау мүмкін емес.
Мен сендерді жақсы көремін.
Алла жар болсын!
- деп жазды Өнер академиясының ректоры.


Желідегілер «Әп бәрекелді! Таза, Адал және әділетті қабылданатына бар жүрегіммен сенемін! Алла жар болсын, досым!», «Тазалық пен адалдық- түбі жақсылыққа апарады. Сенімді жоғалтпау керек бастысы!», «Биылғы талапкерлердің маңдайының бағы бес елі екен! Әділ қабылданып жатыр!!! Өнер академиясына теңгесіне емес талантына қарап алатын күн туды-ау!!!», «Өте орынды айттыңыз Азамат аға. Бәсеке бар жерде өнер бар. Әр талапкерді үлкен жауапкершілік күтіп тұр. Алла тағалам жар болсын!», «Ақшасы барлар оқиды. Туысқан қыз таныс арқылы түсіп, қызыл диплом алды. Біраз малдың ақшасы кетті-ау», «Таза өнер осындай талаптардан кейін ерекшеленеді ғой» деп жазып жатыр.