Әкесі де жылады: Жанар Айжанова қызын қазақшалап ұзатты

0
6 685

Айжұлдыз Адайбекова ақ келін атанды.


Әкесі де жылады: Жанар Айжанова қызын қазақшалап ұзатты

Танымал әнші Жанар Айжанова қызы Айжұздызды ұзатты. Шектеулерге байлынысты ұзату тойы үйде өткен. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына қызының ұзатылған сәтінен видео жүктеді.

Отбасылық мереке әдеттегідей мейрамханада емес, әншінің өз үйінің ауласында өтті.

"Біздің шаңырақта қуаныш!

Айжұлдызымды әкесі екеуміз шағын ғана туыстардың басын қосып, батасын алып ұзаттық. Ендігі жерде қызымның өзіне қорған болар, арқа сүйейтін азаматы - Қыран деген күйеу баламызға табыстадық. Құдайға шүкір, бар білетін қазақтың салт-дәстүрін сақтадым. Әкесі қызын қимай, сөйлей алмай, көз жасына ерік берді. артынан ел болып жұбатып алдық. Ондай супер әке Айжұлдызда ғана бар шығар. Бақытты, ғұмырлы, үбірлі-шүбірлі болыңдар, қос қарғам!", - деп жазды Жанар Айжанова.



Тақия киген Айжұлдыз сәукелесін тағып ұзатылды. Кейін сәукелесіндегі үкілерді бойжеткен қыздарға таратып берді. Анасы Жанар Айжанованың бұл сәтте салт-дәстүрге сай киінгенін көруге болады. Ол ежелгі қазақ әйелдері секілді кимешек киіп, қызын ұзатты.


Еске салайық, Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі парақшасында сүйгені сөз салғанын айтқан болатын. Сақинасын көрсетіп, жақында ақ келін атанатынын жеткізген.

Айжұлдыздың таңдауы Қыран Талапбек есімді режиссер жігітке түскен.


Көпшілік әншінің қуанышынан ортақтасып, құтты болсын айтып, ақ тілегін жеткізіп жатыр. Енді бірі карантин уақытында той жасағаны үшін сынап тастады.