"Әкесі тірі болса жаутаңдап жүрмес еді-ау": Айнұр Тұрсынбаеваның Оразәлінің ұлы туралы жазбасы жұртты жылатты

0
8 210

Айтыскердің оқырмандары 1 сағатта 3 миллиондай ақша жинаған.


Ақпарат көздерінде "Оразәлі Досбосыновтың ұлына Айнұр Тұрсынбаева көлік сыйлады" жаңалық тарады. Бұл туралы айтыскер ақын, өзінің парақшасына Нұрсұлтанның (Оразәлі Досбосыновтың ұлы. ред) көлік алған видосын жариялап, төмендегідей жазба жариялады.

Оның айтуынша, оның көлік алуына инстаграмдағы оқырмандары көмектескен.

Айнұр Тұрсынбаева: "Оразалы ақынмын, 30-дан жасым аспаған"-деп жырлаған Ораз досым 29 жасында кайтканда Нұрайша 6- да, Нұрсұлтан 4- те еді... Артынша Ажар марқұм кетті... Екеуі де авариядан...
Оразалымен ең көп айтысқан мен екенмін... Бірақ бір де бір рет ауыр сөз айтып көрмеген екен... Осыдан 2 күн бұрын түнгі сағат 2.00-де тікелей эфирде оқырмандарыммен сырласып отырғанмын... Телефон шыр етті.. "Айнұр тәте Оразалының баласы Нұрсұлтанмын ғой" дейді... Таксилетіп күн көруге 95 жылғы бір көлікті кредитке алып, оның тормозы істемей қалып, жолдын шетінде тұрған баска көлікті соғып алыпты... Анау 700 мын сұраған... Өз көлігінің төленбеген қарызы тағы бар.. Осының бәрін окырмандарым эфирде тындап отырды... Оразалының жанкүйерлері де табылды.. "Ойбай, Ораздың баласын жаутандатпай көмпктесейік" деп қайырымды қазағым 1 сагатта 3 миллиондай ақша жинап тастады... Соққан көліктің ақшасын да бердік, кредитті де жаптық... Қолында қалған 2 миллион акшаның үстіне өзіміз қосып осы көлікке бүгін апарып мінгіздік... Оразалы айтыстың алдаспаны еді... Айтыста талай рет әділетсіздіктің құрбаны болды.. Талай рет жеңіп тұрған жерінен құлатып жіберді... Оған халық куә! Бірақ еңбек еш кетпейді екен... Сенің жақсылығың өзіңе қайтпаса ұрпағыңа қайтатыны рас екен... Аллаға шүкір! Осындай оқырмандарым барына... Ендігі кезекте Нұрсұлтанды жұмысқа тұрғызу... Үйленіп, отау құрып кеткенше өз қамқорлығымызға алатын болдық... Сынық телефонмен дұрыс сөйлесе де алмай жүр екен... @aidyn_nury_qory ертен су жаңа телефон да алып беретін болды... Әкесі марқұм тірі болса өстіп жаутаңдап жүрмес еді-ау деп бір жылап алдық... Біз сені сағындық досым! Сенімен біз танысқанда 20-дағы қылшылдаған жігіт едің.. Міне жалындаған 20 жасында балаң келіп тұр алдымызға... Сені халқың сағынды Ораз! Барлық ат салысқан ағайынның садақасын Алла еселеп қайтарсын!"


Бұл жазбаны оқыған оқырмандар көңілдері босап, көз жастарын тия алмай отырғандарын жазып жатыр. Олар "Үлкен рахмет Айнұр ханымға."Әкең өлсе де- әкеңнің көзін көрген өлмесін "-деп бекерге айтылмаған", "Жаксы әке балаға қырық жыл азық деген осы екен ғой , қазақ не деген дана халық десеңізші" деген пікірлерін жазып, марқұм ақын туралы жақсы сөздерін аяп қалмады.