Әкесін аққуға теңеген Арман Дүйсенов жұрттың жүрегін елжіретті

0
6 889

"Қиын әрине, ғажап әрине..​." осылай деп сөзін аяқтаған сазгер Арман Дүйсенов оқырмандарының көзіне жас алдырды.


Әкесін аққуға теңеген Арман Дүйсенов жұрттың жүрегін елжіретті

Белгілі әнші-сазгер Арман Дүйсенов өзінің әкесін туған күнімен құттықтап, бір тылсым оқиғасымен бөлісті. Әншінің жазбасына сүйенсек, биыл 76 жасқа толып отырған әкесінің көзі жары өмірден озған күні жары дүниені көрмей қалыпты.

Арман Дүйсенов: "Ағайын Асслаумағалейкум! Бүгін біздің асқар тауымыз - он же " Ата", он же " Ақ папа ", он же "Самый супер қайын ата" , он же "Шаxтер - Стаxановец", он же "Трудобайда екі ақ сөз-шаxтаға кірді және шықты", он же "біздің Молда Қасым ағамыз мықты еді ғой", он же "самый ярый Сталинист", он же " Партияның бар мүшесінің есімдерін жатқа білетін адам".. Он же "бар жаңалықты елден бұрын айтып отыратын радиосы бар адам", он же "будильник", он же " домашний имам", он же "супер ас қайыратын адам", он же "палаудан гөрі қамыр ауxатты жақсы көретін адам",он же "нещауо десең қойды қасқыр жемейді", он же "әңгіме бұзау емізер"... Он же просто дүниедегі ең мейірімді, ең ақылды, ең жаны таза адам - Алпысбаев Айдан Мырhайдарұлы бүгін 76 да! Әке, мың жасаңыз!!!! Сізді ерекше сүйеміз!!! P.S: Негізі біздің әкеміз шынында аққу секілді, өмірлік жолдасы , аяулы жары,марқұм анамыз - Зиба Жұмашқызы дүние салған күні екі көзінің екеуі де көрмей қалды ..Қиын әрине... Ғажап әрине..."

Мұны оқыған желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмады. Барлығы дерлік сазгердің әкесіне жақсылық тілеп, "Алладан кейінгі демеушілеріңіз,асқар тауларыңыз орталарыңызда биіктей берсін! Алланың берген жасын жасай берсін!", "Атаңыз аман болсын немерелерінің қызығын көріп аман есен жүре берсін" деген ақжарма тілектерін жолдап жатыр.


Фото: arman_duisenov_official

ERNUR.KZ