"Арыстықтарға арнап тегін тренинг өткізсем..." - Ақын Айнұр Тұрсынбаева

0
3 764

"Мен жасаған жақсылығымды Алланың разылығы үшін жасаймын, және жылтыңдатып жариялағанды жек көремін.. "


Ақын Айнұр Тұрсынбаева шілденің аяғына қарай Арыстықтарға арнап тегін тренинг өткізбек. Бұл туралы ол инстаграм парақшасында мәлімдеді.

"Біресе биліктен, біресе туыстан, біресе банктен, біресе тамыр-таныстан көмек сұрай бергенше өзіңіз жұртқа көмектесе алатын деңгейге жетіңіз. Мен жасаған жақсылығымды Алланың разылығы үшін жасаймын, және жылтыңдатып жариялағанды жек көремін.. Садақаның қасиеті де сонда, мақтаныш үшін жасалынбауы тиіс..! Арыстағы ағайын үшін аянып жатқан жоқпыз.. Бұйырса елдегі аласапыран басылған соң шілденің аяғына қарай Арыстықтарға арнап тегін тренинг өткіземін деп отырмын..", деп жазады ақын Айнұр.

Ал жазба астына оқырмандары "Арысқа келетін уақытыңызды алдын ала айтатын шығарсыз. Алдын ала рахмет. Күтеміз!, Сізді жақсы көрем, сондай ақылдысыз!, Әдемі Мотивация, Айнұр Ханым!" - деген пікірлер қалдырған.

Айтыскер ақынды оқырмандары жазба астында пікір арқылы әр қалаға шақыруда. Ал Алматы қаласында өткен тренингке барған халық тек алғыстарын жаудырып жатыр.

ERNUR.KZ