"Әлі де жас қыздай": Мың бұралып билеген Алтынай Жорабаева желіні шулатты (видео)

0
15 394

"Ол денесін емес, телефонын көрсеткісі келген"


Жеке өмірінен жиі "репортаж" жасайтын Алтынай Жорабаева тағы да "ерекше" видео түсірген. Дегенмен, оны өзінің инста-парақшасына жарияламаған. Көптің сынына іліккен бейнеролик qaz.stars парақшасынан жарияланыпты.

Желі қолданушыларының дені әншінің бұл биін ерсілік деп бағалаған. Ал, бұл пікірлерге қарсы келгендер де табылды. Алтынайдың дене мүсініне таңғалып, арықтағанын жазды. Оны көппалалы ана емес, жас қыздай болған десті олар.

Айна алдында би билеген әншіні Алтынай емес деп сенбегендер де табылды.

"Ұят, ұят, ұят. Айтарға сөз, атарға оқ жоқ", "Қылтыңдап тұр ғой, мені көрші дегендей" , "Не істеп тұр?" , "Күшті, жас адам сияқтысыз" , "Биді емес, телефонын көрсетіп тұр ғой" , "Әлі де жас қыздай" , "Масқара, ерсі көрінеді екен" , "Атың шықпаса жер өрте деген ғой?" , - деген пікір қалдырды оқырмандар.