Алмас Темірбай: "ЕЛДІҢ бәрі қолдаса ЖЕҢЕРСКИЙ.. Керек боп тұр бізге бір ЗЕЛЕНСКИЙ"

0
3 093

"Жеңсек те, жеңбесек те көремский" - Өз таңдауын шумақтарға тізген ақын, қазақтарда да бір Зеленскийдің болғанын қалайды.


Алмас Темірбай:

фотоколлажға суреттер ашық дереккөзден алынды

Ел президентін таңдайтын күн жақындаған сайын көпшілік көкейіндегісін айтып, пікірін білдірісіп жатыр. Өз таңдауын әншілер әнімен жеткізіп, ал ақындар өлеңімен жолдап жатқан сыңайлы. Солардың бірі журналист әрі ақын Алмас Темірбайдың жүрек қалауын инстаграмдағы өз парақшасындағы оқырмандардың сұрағына жауап беріп, көпшілікті әзіл өлеңімен тәнті етті.

"Қызық сұрақ естідім сенен - ский,

Елдің бәрі қолдаса жеңерский,

Қосановқа мен дауыс беремский

Жан емеспін жағымпаз Кемелский

Жеңсек те, жеңбесек те, көремский

Керек боп тұр бізге бір Зеленский... деп өзінің сайлаудағы таңдауын ашық білдіріпті. Бұл зілі бар әзілге құралған шумақтар оқырманның "кімге даус бересіз?" деген қайтарма сұрағының жауабы деп білуге болады.

Айта кетейік, Алмас Темербай, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың пікірін негізге алып, өзінің жеке парақшасына жазба қалдырған болатын. Ол, сайлауда елдің мүддесін қорғауға дайын, тың өзгерістер алып келетін басшының тағайындалғанын қалайтынын айтқысы келген. Оған Украинаның тағына отырған Зеленский секілді елге серпіліс алып келген жанды айтуы дәлел бола алады.

ERNUR.KZ