Алтынай Жорабаева: "Басшыны неге сайлап, үкіметті неге ұстап отырмыз?"

0
4 130

Ашынған Алтынай Жорабаева жазба жариялады.


Алтынай Жорабаева:

Әнші Алтынай Жорабаеваның қоғамдық мәселелерде үнсіз қалмай, халықтың ойын жеткізіп жүргенін көпшілік біледі. Әсіресе вакцина мәселесінде де әнші өз ойын қаймықпай айтқан еді. Бүгін әнші Маңғыстаудағы малдың хәлін айтып, жазба жариялады.

Алтынай Жорабаева: "Қазір біздің мемлекеттің ең басты ПРОБЛЕМАСЫ - ЖАППАЙ ВАКЦИНАЛАУ!

Ал, Маңғыстауда қырылған мал, шарасыздан шырылдаған жан мәселесі біздің Үкіметке маңызды емес. Мал қырылуы экономикаға елеулі әсерін берері, ет, азық-түлік қымбатшылығына алып келері анық. Алайда, оның зардабын көретін тек халық!

Бәлкім, сондықтан болар, Үкімет бұған бас қатырмай отырғаны. Біздің халық өз күнін өзі көріп үйреніп қалған ғой.Үйі жоқ мұқтажға халық жиналып үй әпереді. (Үйге арналған мем.бағдарламаларға қарасаң, аты айқайлап тұрғанымен,для “галочки “ жасалған). Шын мұқтаж 20% жинай алмасын біліп тұрып, талап қойған. Болмаса, халық аузынан жырып жинап бере салады деген секілді.
Адам ауырса тағы сол халық жиналады еміне. Портал, тегін ем дегендердің кезегі өмірі жылжымайды. Коронавирусқа 6 триллион бөлінеді, бұл да для галочки. Қайда кетті, кімнің қалтасында екені белгісіз. Тыныс алу аппаратын да сол халық жиналып алады тағы да.
Енді келіп Маңғыстауда мал қырылса тағы халық жиналады. Ал үкіметтің бәрінен маңызды жұмысы бар. Ешкімге ем болмаған, зиян бермесе пайда тигізбеген вакцинаны алдыру. Мәжбүрлеу.
Егер халыққа құлақ аспаса, қиналғанда қолдау, басына күн түскенде көмек бермесе, жарлы халық жырмышылап жүріп өз күнін өзі көріп, арбасын өзі сүйрейтін болса, онда біз басшыны неге сайлап, үкіметті неге ұстап отырмыз?".



Бұл жазбаны оқыған желі оқырмандары оны қолдап, елдің ойындағы сөзді айттың деп жатыр. Сондай-ақ олар "Халықты жауыр етіп жатыр ғой. Қара халық өз күнін өзі көреді, өзіміздің қотырымызды өзіміз қасып жатырмыз ғой. Халықтыңжан айқайын еститін құлақ болса, шіркін— ай. Баяғы үлкендердің айтып кеткені айна қатесіз келіп жатыр", "Дұрыс айтып отырсың, айналайын" деген ойларын қалдырған.