"Ән айта алмадым": Танымал Ерке Есмахан жан күйзелісін оқырмандарымен бөлісті

0
2 375

"Инстаграм өмірімнің тек 5%-ын ғана көрсетеді".


Әр әні хит болатын Ерке Есмахан өзінің "Еркелей беремін" деген келесі әнін шығарды. Бейнебаянын ғаламторға жариялаған әнші бұл әннің жарыққа шығуы туралы өз парақшасына жазып, оқырмандарымен басынан өткен күйзелістерін бөліскен.

"Достар, пандемияға қарамастан, жаңа ән жазып, бейнебаянымды жарыққа шығардым.
2020 жыл мен үшін қиын жыл болды. Жылдың басында ештеңені сезбедік. Жаз келе барлық құндылығым, өмірге көзқарасым, әр нәрсеге түсінігім өзгерді. Әкем өмірден қайтты. Үлкен соққы, қайғы басымнан өтті.
Ән айта алмадым, ән тыңдау да бұрынғыдай ләззат сыйламады. Инстаграм өмірімнің тек 5%-ын ғана көрсетеді ғой. Жан дүниемнің мұңы мен күйзелісін мұнда көрсетпеймін.
Тек осындай әндеріммен жетістіктеріммен бөліскім келеді.
Алла әр күнімізді бақытты етсін!

Әкем арамызда отырғанда, әнді ұнатып, “қызымның жетістігі” деп қатты қуанар еді"
деген әнші әннің үзіндісін жариялаған.


Осылай деген әншіні оқырмандары қолдап, жігер беруге тырысқан. "Әкеңіз әрдайым сіздің жаныңызда,жүрегіңізде!Сізді үнемі қолдайтыны,әр жеткен жетістігіңізді жоғарыдан бақылап қуанары анық!Әкеңіздің жаны жәннәтта болсын!" деген олар Еркеден тағы хиттар күтетінін жазған.

Ерке Есмаханның жаңа әнін сілтеме арқылы тыңдай аласыздар: