«Ана боламын»: Ерке Есмахан тағы да нәрестелі болмақ

0
1 673

«Ал, сүйінші!»


 «Ана боламын»: Ерке Есмахан тағы да нәрестелі болмақ

Белгілі эстрада жұлдызы Ерке Есмахан тағы ана болатынын айтып, елден сүйінші сұрады.

Ол бұл жаңалығын инстаграмдағы сторизінде жазды. Ерке сторисіне Ультрадыбыстық зерттеу қорытындысының суретін жариялап, оған түсініктеме жазды.

«Ана болатынымды жасыру мүмкін емес сіздерден. Ал, сүйінші!», - деді.

Бұған дейін ол "Жігітім, күйеуім жоқ. Күлге аунап туамын ба?" деген болатын.

Айта кетейік, жақында әнші асқазанына ота жасатты. Желі қолданушылары әнші үшін асқан алаңдаушылық танытты.

«Операция жасату керек» дегенді дәрігерлерден естігенде, бірінші ойыма Мүсілім түсті. Сол баламды асыраймын деп шауып жүргенімде, қызығын көре алмай қаламын ба деген жаман ой келді, - деген болатын Ерке Есмахан.

Десе де, Еркенің «Ана болатынымды жасыру мүмкін емес» деген мәлімдемесі рас па, әлде жай ғана қалжың ба, ол жағы белгісіз.

Бүгін әншінің ұлы Мүсілім 10 жасқа толғанын ескерсек, Ерке осыны меңзеген болуы да мүмкін.