​«Арбаға отырып қалдым: айтыскер-ақын Жүрсін Ерман айықпас дертке шалдыққанын айтты

0
10 171

«Аптасына үш мәрте гемодиализ қабылдамасам болмайды»


​«Арбаға отырып қалдым: айтыскер-ақын Жүрсін Ерман айықпас дертке шалдыққанын айтты


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ел ішінде «айтыс өнерінің атасы» атанып кеткен Жүрсін Ерманның сырқаттанып қалғаны көпшілікке мәлім болар. Біраз уақыт шет елде емделіп, елге келген ақыннан журналистер сұхбат алыпты.


«Денсаулық болмай тұр. Қант диабеті деген ауруға ұшырап, бір жылдап бері алысып жатырмын. Аяқтан қалдым, жүре алмаймын. Біраз уақыт бұрын Президенттің ауруханасында жатып емделдім. Астанаға да барып ем алдым. Швейцарияға барып, 40 күн емделіп келдім. Бірақ, әлде де болмады. Арбаға отырып қалдым», - деді Жүрсін Ерман.


Журналистің «Қазіргі кестеңіз қандай, денсаулығыңызды қалай күтіп жатсыз?» деген сұрағына «Қатып қалған график жоқ, ерте тұрамын. Сосын аптасына үш мәрте гемодиализге барып келем, төрт сағаттан. Басқа уақытта пәлендей белсеніп жұмыс істеуге мұршам жоқ. Кітабымды оқып, жазуымды жазып қоям. Осылайша өмір сүріп жатырмыз» деп жауап берді.


Видеоны көрген ақынның әлеуметтік желідегі оқырмандары сырқатына шипа тіледі. «Аңыз адам, деніңіз сау болсын!», «Елдің алдында жүрді, көптің көзі мен сөзі өткен шығар», «Сауығып кетуіңізге тілектеспіз, жақсы адамдар қазаққа керек», «Шетелдік құдаңыз қайда, содан көмек сұрау керек», «Айтыстың қара нары аман болсын!» деп жазды көпшілік.