​«Астаналықтар жабайылығын көрсетті»: Қайрат Нұртастың әйелі жерлестеріне ренжігенін айтты

0
14 310

«Диванда жатып алып, әкімдікті кінәлағышпыз»


​«Астаналықтар жабайылығын көрсетті»: Қайрат Нұртастың әйелі жерлестеріне ренжігенін айтты


Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова әлеуметтік желіде Астананың тұрғындарына деген өкпе-ренішін жеткізді.


«Мен жолда жүргенде қандай жабайылық орын алған? Өзге елден келгендерге не мәдениет көрсеттік? Астана – Қазақстанның айнасы. Бас қаламыздың тұрғындары осындай деңгей көрсеткенде, ауылдан қай мәдениетті сұрамақпыз? Біліп қойыңыздар, бұл мәдени шара болатын» деді ол "Инстаграм" парақшасында.


Еске сала кетейік, бүгін Астана қаласындағы EXPO ғимаратының маңында Тәжікстан ауылшаруашылығының көрмесі өткен. Оған жиналған астаналықтар жерге оюлап төселген жеміс-жидекті жапа-тармағай алып, мәдениетсіздік көрсетті. Жемістерді аяғымен басып, жаншып, таласа алып жатқанын желіге тараған бейнежазбалардан анық байқауға болады.


«Жиналған адамның көптігін байқадыңыз ба? Әйелдерді былай қойғанда, ер-азаматтарымыз, әжелеріміз бірін-бірі таптап жаты. Не үшін? Қарбыз үшін, жүзім мен алма үшін!


Бір аптадан бері Астананың генпланы талқыланып жатыр. Әкімдерден бастап құрылысқа қатысы бар үкіметтік ұйымдардың барлығы отыр. Сол маңызды шараға барып жатқан адам бар ма?


Қабырғаға ілініп тұрған ыдыстарды жұлып әкетіп жатқандары ақылға сыймайды! Не тәрбие көрсетіп тұр, айнала толған бала. Диванда жатып, өкіметті, әкімдікті кінәлағышпыз. Ал қаламыздың болашағы талқыланып жатқан жерге бас сұқпай, мына жерге уақыт тауып келіп, ашық ұрлық жасап жатқандарға не дейсіз?» деді Жұлдыз Абдукаримова.