«Асып тасығаным үшін кешір!». Қайрат Нұртас Меккеде көз жасына ерік берді

0
1 988

«Қателеспейтін пенде жоқ»


«Асып тасығаным үшін кешір!». Қайрат Нұртас Меккеде көз жасына ерік берді

Танымал әнші Қайрат Нұртас көз жасын тоқтата алмай жылады.

Өнер иесі кіші қажылығын өтеу үшін дәл қазір Мекке қаласында жүр. Ел алдында жарқырап жүрген шоу-бизнес өкілдерінің көз жасына ерік бергенін жиі көре бермейміз. Дегенмен, танымал әнші Қайрат күні кеше қатты жылады.

Ең танымал әрі бай әншінің жылаған сәтінен түсірілген видео Instagram-да тарады. Бейнежазбадан Қайрат құлшылық ету рәсімінде жүргенін анық көруге болады. Қасиетті Қағбаны айналған ол екі қолын жайып, жылап келеді.


Видеоны көрген желі қолданушылары оған ақ жарма тілектерін білдірді.

"Дұға тілектеріңді қабыл етсін", "Қателеспейтін пенде жоқ". "Асып-тасығаным үшін кешірім сұрап жүрген шығар" "Алла бізгеде нәсіп етсін ИншАлла жұбайыммен баруды. Қайрат дұға-тілектеріңіз қабыл етсін”, “Әмин! Қайратжан өзіңнің де дұға тілегің қабыл болсын! Бізге де Меккеге баруды Алла тағалам нәсіп етсін! Бала-шағамыз аман болсын! Әмин!”, "Бұл жерде жыламау мүмкін емес", - деп жазды желі қолданушылары. Ал кейбір оқырмандар оны құлшылық еткенін желіде жариялап жатқаны үшін сынға алған.

Қайрат Нұртас қасиетті Рамазан айында Меккеге аттанып, Қадыр түнін сол жақта қарсы алған. Оған қоса әнші 150 адамға ауызашар беріп, сауапты іс жасады.