​Атақты Мерекені жасы кіші күйеуі жігіттерден​ қорғай алмады (видео)

0
19 990

​Атақты Мерекені жасы кіші күйеуі жігіттерден​ қорғай алмады. Бірақ бұл тек видеодағы көрініс болатын. Соңғы уақытта алты жас айырмашылығы бар жайдарманшылардың отбасын сынға алғандар көбейгені рас. Осыны тиек еткен Мереке мен оның күйеуі Арсен әлеуметтік желіге төмендегідей қызықты видеоны жүктеді.


​Атақты Мерекені жасы кіші күйеуі жігіттерден​ қорғай алмады (видео)

Атақты Мерекені жасы кіші күйеуі жігіттерден қорғай алмады. Бірақ бұл тек видеодағы көрініс болатын.

Соңғы уақытта алты жас айырмашылығы бар жайдарманшылардың отбасын сынға алғандар көбейгені рас. Осыны тиек еткен Мереке мен оның күйеуі Арсен әлеуметтік желіге төмендегідей қызықты видеоны жүктеді.


Видеода Мереке оқырмандардың "Мынауың кішкентай бала ғой, сені қорғай алмайды" деп жазып жатқанын айтып, күйеуінің "Қорғаймын" деген сөзін алады. Бірақ өзге жігіттер танысуға ұсыныс жасағанда Арсенді таппай қалады. Бұл видеоны жүктеген Мереке оқырмандарға ұнаса жалғасын түсіруге уәде берген. Күлкі сыйлаған жайдарманшылардың видеосы ұнаған болуы керек, оқырмандар күлген белгілермен, жалғасын күтетінің жарыса жазды.

Бір күннен кейін Мереке бейне жазбаның келесідей жалғасын желіге жүктеп жанкүйерлеріне тағы да күлкі сыйлады.


Бұл видеолардың барлығы әзіл екенін түсінген күлкі сүйер қауым оларға ақ тілектерін арнап, алдағы уақытта осындай қызықты видеоларын жиі жүктеуді өтініш еткен.

Біз де өз кезегімізде жас отбасыға бақыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Фото: @merekusha

ERNUR.KZ