"Аузы қисық болса да...": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі ән айтамын деп сынға ұшырады

0
1 640

"Бәрі әнші, әйтеуір, шетінен"


Әлеуметтік желіге авторлық әнін жүктеген Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі көптің сынына ұшырады.

Мөлдір Мұқанова анасына аса әсерлі ән арнап шығарды. Өнер иесі "Ең қымбат адам ол - анаң" өлеңін қалың көпшілікке ұсынды. Қабатовтың келіншегі бұл ән арқылы анасына деген сағынышын жеткізгенін айтты.

«Анаға деген махаббат, анаға деген құрмет, сағыныш қанша әнге қосып жырласаң да артық емес қой. Пенде болған соң "көңілдің кейбір кездері" болады.

Балалық шағың, анаң, әкең, бауырларыңмен өткен қызық шақтар кассета сияқты көз алдыңа келіп, тіпті сол шақтың иісі де оралғандай болады. Тіпті әке-шешеміздің мейірлене қараған көзқарасына дейін көз алдыңа келеді ғой, шіркін!

Сондай сәттерде ара-тұра көзімізді бір сығып алатынымыз бар. Мен бұл сәттерді "көңілдің кейбір кездері" деп айтамын, мұндай сәттердің бізді қайта бала шаққа оралта алатын қасиеті бар.
Бұл ән де балалық көңілдің, жүректің қалауы»
деп жазды өнер иесі.

Ол бастапқыда отандық жобаға арнайы жазғанымен, кейін кәсіби студияда өңдеп, тіпті музыкалық сайттарға салған. Бірақ желі қолданушылары Тұрсынбектің жұбайы шырқаған әнге кереғар пікір білдіріп, вокалдық қабілетіне сынап тастаған.

"Бәрі әнші, әйтеуір, шетінен", "Мүлдем дауыс жоқ, өлең айтпай-ақ қойыңызшы", "Енді ән айтуың ғана қалды", "Ақшасы бар, дауысы жоқ", "Қазір әнші емесі де әнші болып кетті ғой. Аты шықса болғаны. Елді ақымақ қылмай жанды дауысыңызды елге көрсетіңізші", "Әншілік кез келгені кіріп шыға беретін "проходной двор" болып кетті ғой. Шымшық сойса да, қасапшы сойсын", — деп жазды желідегі жұрт.

Мұндай сыни пікірлерді Мөлдір Мұқанова да оқыған. Бірақ көптің сөзіне мән бермейтінін ашық айтты.