"Аяғы күйіп қалмасын": Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы жұртты сүйсінтті

0
2 372

Бір-біріне қамқор болып жүрген балалар жүрегіңді жылытатыны рас.


Балаларының бауырмалдығына риза болған Қыдырәлі Болманов қос ұлының бейнежазбасын желідегі парақшасында бөлісіп, жазба қалдырған.

"Біз айтпай-ақ,бір-біріне қамқор болып жүрген балалар жүрегіңді жылытатыны рас...Алла бере салғандарыңның мейірімді болуы, біріне-бірі қол ұшын созуы,бір-біріне қарап жүруі әдеттеріне айналып ,саналарына сіңіп кетуі қажет.... Өте жақсы демалыс болды. Қызыл теңіздің суының мөлдір, керемет тұнықтығы қатты ұнады. Ең бастысы, Бір Алланың арқасында аман-есенбіз! Ендігі тілегіміз - Елімізге аман-есен жету! Алла тіл-көз, бәле-жаладан сақтасын !" - деп жазады әнші.


Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары отбасындағы тәрбие туралы айтып, жұлдызды жұпқа деген ақ тілектерін жазбалары арқылы жеткізді.

"Өте тәрбиелі отбасы, керемет! Басқа отбасыларға үлгі бола алатын жанұясыздар! Керемет!", "Балаларыңыздың мейірбан болуы сіздерден алған тәрбиесіне байланысты", "Сіздерге қарап бой түзейді", "Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар", "Неткен ғажап", "Қандай үлгілі отбасысыздар", - деп пікір қалдырды желідегілер.

ERNUR.KZ.