"Аяғым 45ші размер": Айдана Меденова Базарбаевты оп-оңай құлатты (видео)

0
2 057

Мындай жағдайдан кейін, бірден үйге қашуым керек - Меденова.


Әлеуметтік желіде қазақ эстрадасының танымал, нәзік әнші қыздарының бірі Айдана Меденова, актер, әнші, үлкен салмақ иесі Жасұлан Базарбаевты үстелден құлатып қойғаны туралы видео пайда болды. Бұл видеоны Меденованың өзі де instagram парақшасында жүктеген.

"Қатты шошып кеттім ғой! @jbazarbaev Мындай жағдайдан кейін, бірден үйге қашуым керек еді! Сүйегім ауыр менің негізі, аяғым 45ші размер! Бойтесь меня!" - деп жазады әнші.

Көпшілік видеоның өте күлкілі шыққанын айтып, қыз салмағының ауырлығын сөз етуде.

"Сұмдық, қыз ауыр ма, тұз ауыр ма деген осы екен ғой", "Шынында қыз ауыр", Күлкіден өлдім-ау", "Он рет қайталап көрген шығармын", - деп жазады әлеуметтік желіқолданушылары.

Алайда қызықты видеоның қызығын отбасылы әнші қыздың тым ашық тілікті көйлегі басып кеткенге ұқсайды. Көпшілік Меденованың киген киімін сынға алған.

"Тым ашық киім. Не киіп алған", "Алды ашық көйлегіңізден біз шошып кеттік қой", "Барлық әурет жерін ашып жүру, қазақ қызына тән емес", "Бір отбасының келіні, балалардың анасы емес пе. Мынау тым ұят", "Көйлектің айыры жаман екен" - дейді сынға алған көпшілік.