"АЯҚТАРЫ КӨТЕРІЛМЕЙ ҚАЛДЫ": Меруерт Түсіпбаева Кәмшаттың биін сынға алды (ВИДЕО)

0
6 669

Меруерт Түсіпбаева Кәмшатқа неге шүйлікті?


фото: ашық дереккөзден

Қазақ шоу-бизнесіндегі қандай сын ескертпелер болмасын, басы-қасында әнші Меруерт Түсіпбаеваның да есімі аталады. Бұл жолы қазақтың ерке әншісі Кәмшат Жолдыбаеваның соңғы клипіне сыни көзбен қарап, "Кешюлік" экс-әншінің биге икемі жоқ екенін жеткізді. Бұл туралы Астана арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасында берген сұхбатында ашып айтты.

Сондай-ақ, әнші-актриса әріптесінің киіну стиліне оң көзбен қарайтынын жасырмады. Ал, би жағынан келгенде ақсап тұрғанына қынжылып, оның орнында ертегілер әлеміне еніп жүрген Әйгерім Қалаубаева болғанда елден сын естімейтін еді деген ой білдірді.

"Биі бір түрлі углаватый болып қалыпты, бүртүрлі аяғы жетпей қалыпты... Ал, Әйгерім Қалаубаева болғанда ешқандай қатты сын болмас па еді деп ойлаймын. Енді ол балерина ғой. Біз балетке де барамыз ғой. Ол жерде қыздар одан да жалаңаш жүреді. Сол үшін мен өрескелдік киім киісінде емес, өрескелдік, жағымсыздық, және жараспай тұруы осы қимылында. Әйтеуір биші емес қой енді. Сол көрініп қалыпты. Осы жері көрермендерді кері тартып тұрады аяқтары жарты жарты көтерілмей, пластикасы түзу болмай ..."


ERNUR.KZ