Әйелінен кішкентай жұлдыздар

0
18 119

"Ер мен әйелді құдай қосады. Әрі олар бір-біріне лайық болады" дегенді бір жерден оқыған едім. Адамдардың отбасы құрған кездегі таңдаулары өздеріне де түсініксіз. Әркімнің формуласы әртүрлі. Мысалы кейбірінің түсінігінде «Әйел ер адамнан кемінде 5 жас кіші болу керек» деген болса, енді бірі «Махаббат жасқа қарамайды» деп түйеді. Бүгінгі "Күнделікте" махаббатты жазылмаған қағидалардан артық қойған жұптар туралы болмақ. Яғни күйеуінен үлкен отаналары туралы айтқымыз келеді. Негізі бұл бүгіннің жаңалығы емес. Осы кезге дейін өзінен үлкен әйелге үйленген адамдар туралы тарихи кітаптардан оқыдық емес пе?! Сонымен қатар, атағы жер жарған Алла Пугачева өзінің күйеуі Максим Галкиннен 27 жасқа үлкен екенін білетін боларсыз. Тағы да сол Ресейдің әншісі Лариса Долинаның Илья Спицын есімді жары өзінен 12 жыл кейін туған. «Евровидение-2016» жеңімпазы украиналық Джамала 33 жасында 25 жастағы Бекир Сүлейменов есімді мұсылманға тұрмысқа шыққанын да білесіздер. Ал бүгін қазақ сахнасындағы ерінен жасы ғана үлкен келіндеріңізді тізіп көрейік.

  1. Нұркен Өтеуілов пен Айнұр Болатқызы

Танымал актер, әнші Нұркен Өтеуіловтің жары Айнұр Болатқызы да актриса. Білуімізше Айнұр ханым отағасынан екі жасқа үлкен. Қазіргі таңда екі ұлдың ата-анасы. Балалары да өнерден алыс емес.

Айнұр Жүгінісова мен Ерболат Жүгінісов

Ағайынды Жүгінісовтердің продюсері әрі анасы, актриса Айнұр ханым жарынан екі жас үлкен. Күйеуі Ерболат кәсіби биші болған, кейіннен кәсіпкерлікпен айналысқан. Қазір балаларының шығармашылығына қолдау білдіріп жүр.

Мәдина Сәдуақасова мен Олжас Смағұлов

«Махаббат жалыны» деп ән салған Мәдинаны өзінен алты жас кіші жігіттің жалыны «өртеген». Қазақ сахнасындағы сұлу қыздың жары Олжас Смағұлов. Екеуінің қазіргі кезде бір ұлдары бар.

Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева

Бұл жұптың жас айырмашылықтары 3 жыл екен. Нәзік, сұлу Баянның продюсері болып жүрген Ерлан Орынбасаров кейін оның жұбайына айналды. Жұлдызды жұп екі ұл тәрбиелеп отыр.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз

Үйленгенін жұрттан жасырып жүрген, хит әнші Қайрат Нұртас өзінің жарынан бір жасқа кіші екен. Жары Жұлдыздың да музыкалық білімі бар. Қазір халық алдына бірге шығып жүрген мега жұлдыздар жақын күндері балаларымен бірге сахнаға шықпақ.

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай

Арман мен Ашаның жас айырмашылықтары бар болғаны 19 күн. Бірақ қызығы сол Ашаның туған күні 22 желтоқсан, ал жарының туған күні 10 қаңтар. Қаңтарда жаңа жыл басталатын болғандықтан, келесі жылдың түлегі. Өнерлерін өмірлерімен біріктірген екі жастың бір қыздары бар.

Фото: Әлеуметтік желідегі парақшаларынан алынды

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ