Азамат Сатыбалды: "Құдай куә, аузымнан ондай сөз шыққан жоқ!"

0
4 486

"Жүйелі сөз жүйесін тапса, жүйесіз сөз иесін қабады дегенді ұмытпасақ екен!"


Азамат Сатыбалды:

Танымал актер Азамат Сатыбалды алып-қашпа сөздерден шаршаған сияқты. Оған актердің соңғы жазбасы себеп бола алады.

Жақында Түркістанда жүргені көзге түсіп қалған актерді көпшілік сол өлкеге қызметке келеді деп топшылаған еді. Бірақ бұның "жел" сөз екенін айтты.

"Cөз... Сөз... Сөз...
Мені Түркістан театрына Директор болып барады деген,өсекке бергісіз сөз желдей есіп жатыр екен.
Ниет көңілдеріңізге Рахмет. Қазір тұрып жатқан әсем қалам Алматы мен жұмыс орным қатты ұнайды.
Мен Ғ.Мүсрепов театрының басшысымын және М.Әуезов театрының актерімін.
Актер үшін бұдан асқан бақыт бар ма?!Тек осы бақыттың баянды болғанын тілеймін Аллахтан. Ал менің атымды жамылып дауды өршіткісі келетін әріптестеріме айтарым...
“Айдаладағы адамның атын қалқан қылып ұстамасаңыздар екен” !!!
Ең болмаса бір адам телефон шалып менен сұраған жоқ, менің де аузымнан ол жаққа Директор болып барамын деген сөз шыққан жоқ, Құдай куә.
Демек бәрі өтірік!
Жүйелі сөз жүйесін тапса, жүйесіз сөз иесін қабады дегенді ұмытпасақ екен! РАХМЕТ!"