Бағлан Әбдірайымов: "Алла сынақ пен қуанышты қатар беріп жатыр"

0
2 654

"Жігіттер" квартетінің жұлдызды жігіті Бағлан Әбдірайымов өзінің инстаграм желісінде оқырмандарынан сүйінші сұрап, видео жүктеді.


Бағлан Әбдірайымов:

"Жігіттер" квартетінің жұлдызды жігіті Бағлан Әбдірайымов өзінің инстаграм желісінде оқырмандарынан сүйінші сұрап, видео жүктеді.

Видеосында әнші осы қуанышымен бөлісіп, қасиетті жұма күні сүйген жары екінші қызын өмірге алып келгенін айтқан. Аллаға шүкіршілік еткен Әбдірайымов Алла сынақ пен қуанышты қатар беріп жатқанын айтады.

Жақында Бағланның анасы ауруханаға түскенін айтқан болатынбыз.

Әншінің қызды болғанын естіген жанкүйерлері "Бағлан інім, кішкентай періштеміздің бауы берік болсын! Əжесі аман-есен жазылып, немересін қолына алып, бар дертінен сауығып кетуіне тілектеспіз! Сізді балалар үйінің ұжымы мен балалары шын жүректен құттықтаймыз! Өзіңіздей иман жүзді азаматымыздың ұрпағы көп болғай!", "Келіншегің өмірге қыз бала әкелсе онда анашың жазылып кетеді. Қазақта осындай ырым бар", "Бауы берік болсын, Алла өмірімен берген болсын. Анаңыз сауығып небере - шөберенің қызығына тоймай ойнап куліп журсін. Тілеулеспін" деген секілді әппақ тілектерін айтып, әншіге демеу білдірді.


Фото-видео: baglan_abdraimov

ERNUR.KZ