«Байқұстар сұраған!..»: Роза Рымбаева қалыңмал сұрайтындарды ұялтып тастады

0
4 780

Роза Рымбаева күйеужігіттен ашықтан ашық ақша талап ету дұрыс емес екенін, тіпті оның ұят жайт екенін айтады.


«Байқұстар сұраған!..»: Роза Рымбаева қалыңмал сұрайтындарды ұялтып тастады

ERNUR.KZ. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева қалыңдыққа ашықтан ашық нақты сомада қалыңмал сұрау - ұят нәрсе деп санайды, деп жазады Zakon.kz.

Қазақтарда байырдан қалыптасқан қалыңдыққа қалыңмал беру дәстүрі бүгіндері де жалғасып келеді. Жары етпес бұрын жігіт қалыңдығының ата-анасы алдында жығылып барып, киім-кешек, алтын-күміс әшекейден түрінде кит беріп, қалыңмал үшін олардың қолына ақша да ұстатады. Мұның бәрі "Ұзату тойы" алдында болады, яғни құдалардың аяғына жығылып барып, қалыңдықты алып кетер кезде.

Осыған қатысты пікір білдірген Роза Рымбаева күйеужігіттен ашықтан ашық ақша талап ету дұрыс емес екенін, тіпті оның ұят жайт екенін айтады.

"Менің қызыма мынанша-мынанша дүние әкел деп ашықтан-ашық талап ету – ұят нәрсе. Бұрындары кедей қазақ өзінің жағдайын түзеу үшін қызын байға сатқан. Байғұс байдан мал алған, сөйтіп өзінің жағдайын жасаған",- дейді ҚР Халық әртісі.