"БАЙЫМ" деген ән шықса таңғалмаймын": ​"Алашұлы" тобы әншісінің "Қатыным" атты жаңа әні шықты

0
4 200

Қатын деген мағынасы күшті қамқоршым, ақылшым, тынысым, ырысым, намысым,деген сөз!


"Алашұлы" тобының әншісі Әзімбек Байлиннің "Қатыным" деген әніне жазылған бейнебаяны көпшіліктің көңілінен шықты.

Бейнебаян бір күн ішінде 100 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген. Бейнебаянды көрген оқырмандар әннің көңіл-күйді көтеретін туынды екенін айтып, хит ән болатынын болжаған.

"Өте керемет! Хит әндер қатарында алда болсын!", " Құтты болсын жаңа бейнебаян! Сөзсіз хит!", "Негізі қатыным деп айту керек, олай тек нағыз еркектер айтады. Керемет!", "Қандай керемет клип! Сөз жоқ алып қосар. Күшті!", "Қатын деген мағынасы күшті қамқоршым, ақылшым, тынысым, ырысым, намысым,деген сөз ғой. Ән керемет! Бейнебаян өте сәтті шыққан!" - дейді желі қолданушылары.

Оқырмандар арасында бейнебаянның арзан туынды екенін айтып, наразылықтарын білдіргендер де бар.

"Өте арзан ән", "Қатыным деген ән шықты, ертең "байым" деген ән шықса таңғалмаймын", "Жеңіл туынды", "Сізге мағынасыз ән айтқан жараспайды" - деген пікірлер де бар.

ERNUR.KZ