Байзақова өзінің жүкті екенін жариялады

0
10 611

Аяғы ауыр Байзақова желіге суретін жариялады.


Байзақова өзінің жүкті екенін жариялады

Көпшілік ұятсыз суреттерімен танылған Байзақованы жоғалтып алған еді. Бұл жолы ол тағы да елді дүрліктіріп оралды. Олай дейтініміз Айжанның аяғы ауыр екен, ішінде жеті айлық баласы бар. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасына жазды.

Байзақова: "Желіде ұзақ уақыт болмауымның себебі - менің жүктілігім. Қазір отыз апта болды, бірақ ішіме қарап олай айту қиын. Елдің назарына ілікпей жүру мен үшін оңай болмады және бұл жаңалықты да құпия сақтап қалғым келген. Бірақ қуанышымды жасырғым келмеді".


Мұндай жаңалықты күтпеген оқырмандары таң қалыстарын жасыра алмады. Бірі бақыт тілеп жатса, екіншісі теріс пікірлерін де жазып жатыр. Олардың бәріне дерлік баланың әкесі кім екені қызық. Бірақ Айжан Байзақова ол туралы жақ ашпаған.

Фото:bayzakova_i

ERNUR.KZ